08 сентября 2020 | 15:23

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс жазасы қатаңдайды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Тұрар Қазанғапов©

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов отбасының шырқын бұзатындар енді жазадан құтылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов отбасының шырқын бұзатындар енді жазадан құтылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Президент жолдауындағы тапсырманы орындау үшін 2019 жылдың 27 желтоқсанында заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Нәтижесінде отбасының шырқын бұзатындар жазадан құтылмайтын болған.

Реклама
Реклама

"Айыптаудың сипаты өзгертілді. Осыған дейін жәбірленуші айғақтарды өзі жинап, сотқа жүгінетін. Енді бұл жұмысты сотқа дейінгі тергеу органдары жүргізетін болды. Сондықтан бүгінгі есебіме сәйкес, азаптаулар бойынша тіркелген қылмыстық істердің саны 4 есе өсті. Азаптау дерегі дегеніміз жәбірленуші бірнеше рет соққыға жығылған, жеңіл жарақат алған. Бұл дерек бойынша құқық бұзатындар әкімшілік емес, енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскен

Сондай-ақ, Марат Ахметжанов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша отбасындағы жанжалдар жеке қаралатынын жеткізді.

"Осылайша, құқықбұзушылықтардың саны артты. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынғандардың саны 14 пайызға өсті. Осыған дейін тәртіп бұзушы жәбірленушімен татуласуға, әйелі арызын қайтарып алуға мүмкіндігі болды. Қазір ондайға жол берілмейді. Қазір бұл істер сотқа барады да соңғы шешімді сот қабылдайды. Сондықтан бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған статистикалық деректер дәлел. Әрине, тек бұл істермен шектеліп қалмаймыз, жазаны одан әрі күшейту жағын қарастырамыз", - деп түйіндедеді сөзін бас прокурордың орынбасары.

Елде қандай қылмыс саны азайғаны айтылды

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, адам құқықтарын қорғауды күшейту бойынша тапсырма берген еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная