ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мая 2020 | 12:51
Қазақстанда үйірлес шегірткемен күреске биыл мембюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек биыл елімізде шегіртке көп тарайтын аймақтарды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек биыл елімізде шегіртке көп тарайтын аймақтарды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитет төрағасының айтуынша, биыл елімізде мемлекеттік бюджеттен үйірлес шегірткемен күреске 1 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ саяқ шегірткеге қарсы күресу үшін жергілікті бюджет қаражатынан 555,1 миллион теңге бөлінген.
"Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы Қазақстанда 554 мың гектар алаңда үйірлес шегіртке, соның ішінде италиялық прус 395 мың гектар, азиялық шегіртке 164 мың гектар, марокколық шегіртке 93 мың гектар алаңда таралады деп болжанып отыр. Бұдан басқа саяқ шегіртке 266 мың гектарға тарауы мүмкін. Үйірлес шегірткемен күрес шараларына биыл 1 миллиард теңге бөлінді", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде
Сонымен қатар, спикер осы жылы шегіртке көп тарайтын аса қауіпті аймақтар Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары екенін атап өтті. Аталған өңірлерде жергілікті билік органдарымен бірлесе жәндікпен күресу үшін фитосанитарлық шаралар күшейеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также