ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сентября 2021 | 17:58
Қазақстанда вакцина салдырғандардың қанша пайызы коронавирус жұқтырған?
Қазақстанда екпе алған 20 211 адам коронавирус жұқтырған. Бірақ бұл жалпы вакцина салдырғандардың 0,1 пайызы ғана. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова вакцина түрлері бойынша вирус жұқтыру статистикасын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда екпе алған 20 211 адам коронавирус жұқтырған. Бірақ бұл жалпы вакцина салдырғандардың 0,1 пайызы ғана. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова вакцина түрлері бойынша вирус жұқтыру статистикасын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцина алмаған. Ал қалған екпе салдырған 0,1 пайызы - 20 211 адам. Оның ішінде 7070 адам вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін вирус жұқтырған.
"Олардың ішінде 6 108 адам "Спутник V" вакцинасын алған. Айта кетейік, елімізде ресейлік вакцинаны 5 669 855 адам салдырған. QazCovid-In вакцинасын 172 707 адам алған, олардың 172-сі ауырды. Hayat-Vax-ты 529 349 қазақстандық салдырды. Олардан 553 адам вирус жұқтырды. CoronaVac вакцинасын салдырған 249 373 адам арасында 218 жағдай тіркелді. Барлығында вирус жұқтыру 0,1 пайызды көрсетеді", - деді Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен брифингте.
Ал вакцинаның екінші компонентін алғандар арасында жалпы 13 141 адам коронавирус жұқтырып отыр. Бұл жалпы ауырғандардың - 0,2 пайызы.
"Спутник V"-дің екінші компонентін 4 912 195 қазақстандық салдырды. Олардың 0,2 пайызы вирус жұқтырды, бұл 11 101 адам. QazCovid-In-ді 113 730 адам алды, 231 адам вирус жұқтырды, бұл 0,2 пайыз. Hayat-Vax салдырған 472 463 адамның 1448-і вирус жұқтырды, бұл да 0,2 пайыз. CoronaVac салдырған 220 285 адамның 341-інен коронавирус анықталды, бұл 0,15 пайыз", - деді ол.
Айта кетейік, 2021 жылғы 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 928 646 адам вакцинаның I компонентін салдырған, ал II компонентін 5 755 817 адам алған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также