20 декабря 2021 | 14:16

Қазақстанда вакцинация паспортын сатып алғандар неге жазаланбайды?

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда вакцинация паспортын сатқандар жазаланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған паспорт жасайтындардың жазасын қатаңдатуды тапсырған. БАҚ-та паспорт сатқандар туралы ақпарат көп. Бірақ вакцинация паспортын сатып алғандар жазаланбайды. Tengrinews.kz тілшісі мұның себебін заңгер Думан Көпбаевтан сұрап білді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда вакцинация паспортын сатқандар жазаланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған паспорт жасайтындардың жазасын қатаңдатуды тапсырған. БАҚ-та паспорт сатқандар туралы ақпарат көп. Бірақ вакцинация паспортын сатып алғандар жазаланбайды. Tengrinews.kz тілшісі мұның себебін заңгер Думан Көпбаевтан сұрап білді. 

Заңгердің айтуынша, елімізде жалған вакцина жасатқандарға біздің елде қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

"Менің ойымша, бұл дұрыс емес, себебі дәрігерлерді осы әрекетке итермелейтін азаматтарға жауапкершілік көзделуі керек. Яғни ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне жалған паспорт алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік болмаса да, әкімшілік жаупкершілік көрсетіліп кеткені дұрыс болар еді", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, маман вакцинация паспортын сатып алу сыбайлас жемқорлық және алаяқтық қылмыстарына жатқызылмайтынын айтады.

"Себебі мұнда сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстың субьектісі жоқ, мемлекеттік лауазымды тұлға емес. Оны алаяқтың бап бойынша да жазалай алмаймыз. Себебі "алаяқтық" қылмыс біреудің мүлкін алдап алу ретінде қарастырылады", - деді заңгер. 

Сонымен бірге, заңгер халық арасында тараған тағы бір пікірге тоқталды. Кей адам "Вакцинация паспортын тексеріп, қоғамдық орынға Ashyq қосымшасы арқылы кіргізу Конституцияға қарсы, менің құқығым сақталмай отыр" деген пікір айтады. Думан Көпбаевтың айтуынша, бұл Конституцияға қайшы емес.  

"Азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылмайды, өйткені Ashyq қосымшасын кәсіпкерлік субъектілер ерікті түрде енгізеді. Объектінің иесі - Ashyq жобасына қатысушы, өзіне келушілердің мәртебесін тексеру міндеттемесін қабылдайды. Келушілердің мәртебесін тексеру, ең алдымен, оларға артықшылықтар береді. Себебі, Ashyq бойынша жұмыс істейтін объектіге жеткенде, коронавируспен байланыста болу қаупі азаяды", - деді ол.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная