12 октября 2020 11:57

Қазақстанда зорлық-зомбылық жасағандар видеобайланыс және мессенджер арқылы бақыланады

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Жыл басынан бері зорлық-зомбылық жасаған 19 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды. 62 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері зорлық-зомбылық жасаған 19 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды. 62 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2018 жылы 919 зорлық-зомбылық жағдайы тіркелді. 2019 жылы мыңнан аса осындай құқықбұзушылық анықталды, 14 пайызға ұлғайды. Осы жылдың 9 айында аса көп өсім байқалмады - 0,4 пайыз. Өткен жылдың тоғыз айында 758 жағдай болса, 761 оқиға тіркелді. Бұл жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтың 1 пайызы. Мұндай заңбұзушылықтың жартысынан көбі мас күйде жасалған, ал 82 пайызы - жұмыс істемейтін азаматтар. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 54 пайызы - әйелдер, 6 пайызы - кәмелетке толмағандар. 40 пайызы - туыстарынан, ағасы мен әкесінен зорлық көрген ер адамдар", - деді комитет төрағасы ІІМ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Мұрат Баймұқашев отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбеюіне пандемия кезінде үйде оқшаулану себеп болғанын атап өтті. 

"Жыл басынан бері мұндай құқықбұзушылықтың кішігірім көбеюнің айтарлықтай себебі - пандемия кезінде оқшаулану. Жыл басынан бері зорлық-зомбылық жасаған 19 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды. 62 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Шамамен 8 мың адамның тәртібіне айрықша талап қойылды. Оның ішінде 5 мыңға жуығы алкоголь ішпеу және есірткі заттарын пайдаланбау", - деді ол. 

Сонымен қатар, спикер ведомствоның аталған мәселені шешу үшін атқарып жатқан шараларына тоқталды. Пандемия кезінде зорлық-зомбылық үшін есепке алынған адамдар қашықтан да бақылауға алынғанын атап өтті.

"Пандемия кезінде есепте тұрған адамдарды видеобайланыс, әлеуметтік мессенджер арқылы бақылау жүргізілді. Карантин кезінде барлық аймақтағы әкімдіктер уақытша тұру үшін қонақүйлерден резерв дайындалды. Бұл - шамамен 200 төсек-орын. Бүгінде 38 дағдарыс орталығы қабылдайды, оның 29-ында баспана бар. Жыл басынан бері біздің қызметкерлер 8 мыңнан аса адамды дағдарыс орталықтарына жіберді. Бұдан басқа ІІМ зорлық-зомбылық жасалған жағдай туралы хабарлайтын құпиясөз алгоритмін арнайы әзірледі", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram