Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 апреля 2019 13:17

Қазақстандағы пәтер ұрыларының жиі қолданатын әдістері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәтер ұрлығы - қылмыстың ең кең тараған түрі. Осыған дейін белгілі бір аудандар ұрлық жиі жасалатын аумақ саналса, қазіргі уақытта ондай қылмыстар қаланың қақ ортасында, тапа-тал түсте жасалып жатыр. Бүгінде тіпті бір үйдің бірнеше пәтерін тонайтындар да пайда болған. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттінің мәліметіне сүйенсек, елімізде былтыр жыл басынан бері 88 мыңнан аса ұрлық жасалған, оның 20 мыңға жуығы пәтер ұрлығы екен. 


Пәтер ұрлығы - қылмыстың ең кең тараған түрі. Осыған дейін белгілі бір аудандар ұрлық жиі жасалатын аумақ саналса, қазіргі уақытта ондай қылмыстар қаланың қақ ортасында, тапа-тал түсте жасалып жатыр. Бүгінде тіпті бір үйдің бірнеше пәтерін тонайтындар да пайда болған. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттінің мәліметіне сүйенсек, елімізде былтыр жыл басынан бері 88 мыңнан аса ұрлық жасалған, оның 20 мыңға жуығы пәтер ұрлығы екен. 

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі күзет агенттік өкілдерінен және заңгерден пәтер ұрлықтарына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап алды. Мамандар бүгінде пәтер ұрыларының қылмысты қалай және көбіне қай уақытта жасайтынын, оларды қандай жауапкершілікке тартуға болатынын, сондай-ақ, ұрылардан сақтану жолдарын айтып берді.

Тұрмыстық бұйымдарды алмайды

"Жедел күзет" агенттігінің PR маманы Мария Гуляева ұрылардың басты мақсаты ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кету екенін айтады.

"Пәтер ұрылары бірінші кезекте ақша, зергерлік әшекей бұйымдар, былғарыдан жасалған бұйымдар мен ішіктерді алып кетеді. Ал техникадан олар көбіне кішігірім ғана және үйден байқатпай алып шығуға болатын ыңғайлы планшеттер мен ноутбуктарды алады. Осының барлығын 10-15 минутта-ақ жасайды. Бұрынғы замандағыдай үлкен жүйелі блоктардан тұрған компьютер мен мониторларды, теледидарларды немесе қысқа толқынды пештерді тасымайды. Бүгінде ірі қалалардағы үй ұрылары көлемі үлкен техникаларды алмайды", - дейді күзет қызметінің өкілі.

Алайда, оның айтуынша, халық саны аз өңірлерде әлі күнге дейін бүкіл техниканы тасып кету жағдайлары баршылық екен.

Ең көп қолданатын әдіс - кілт таңдау

"Соңғы уақытта жоғарғы қабаттардағы пәтерлерді тонайтын "альпинист" ұрылар сирек кездеседі. Қаскөйлер көп жағдайда бірінші немесе екінші қабаттарды таңдайды. Қауіп төнген жағдайда тез уақытта үйден шыға жөнелуді ойлайды. Сондай-ақ, пластикалық терезелерден кіру олар үшін аса қиындық туғызбайды", - дейді Мария Гуляева.

Гуляеваның айтуынша, пәтер ұрыларының ең көп қолданатын және негізгі әдісі - сәйкес кілт таңдау.


© pixabay.com

"Ұрылардың 40 пайызынан көбі көзі түскен пәтердің кілтін таңдап барып кіреді. Тағы 29 пайызы үйдің құлпын арнайы құралдармен бұзып, сындырады. Бірақ көбіне бұзбай-ақ кілтпен ашып кіру әдетке айналған", - дейді маман. "Олар көбіне топ болып, 2-3 адамнан құралып қылмысқа барады. Екеуі пәтерге кірсе, қалғаны жан-жақты бақылап тұрады. Әркімнің өз міндеті болады. Қауіп төнсе бірден бір-біріне хабарлайды. Көп болса, пәтердің ішінде 2 адам болады. Ал жалғыз тонайтындар өте аз", - дейді ол.

Ұрлық көбіне түске дейінгі уақытта жасалады

Демалыс маусымы жақындағанда мұндай қылмыстардың саны екі есе артады. Сондай-ақ, жаңажылдық демалыстарда да пәтер ұрылары белсенді болады. 

"Тәжірибеге сүйенсек, қаскөйлер көбіне жұмыс күндерін және мереке күндерін таңдайды. Жұмыс күндері үй иелері жұмыста болмаса, мереке күндері демалуға немесе қонаққа кететінін біледі. Біз жүргізген сараптама нәтижесі осы санаттағы қылмыстардың үштен екісі әдетте таңғы сағат 9.00 мен 12.00 аралығында жасалатынын көрсетті. Оның үлесі - 67 пайыз.

Ұрылардың келесі тобы (17,4 пайызы) үйінің маңында жұмыс істейтіндерді бақылап, байқап, олардың түстенуге үйге келетінін біліп, қылмысын 14.00 мен 15.00 аралығында жасайды. Мұнда олар барлығын логикаға салады - үйде зейнеткер болса, ол күні бойы үйде болатынын біліп жүреді, бала болса мектепте, ал үй иелері жұмыста екенін біледі", - дейді күзет қызметінің өкілі.

Пәтер ұрыларынан сақтану жолдары:

- Кіреберіске бірнеше құлыппен жабдықталған күшейтілген темір немесе ағаштан жасалған кіретін есік орнату керек, құлып неғұрлым күрделі болғаны жақсы;
- Үйге келген бөтен адамдардың (коммуналдық қызмет өкілдері, тұрмыстық техника жөндейтін шеберлер) емін-еркін жүруін шектеу қажет;
- Пәтер кілттерін, ақша, құжаттарды көзге түсетін жерде қалдырмау қажет;
- Газ құбырлары мен өрт сатысына шектескен балкон және лоджияларға темір тор орнату қажет;
- Үйдің ішіндегі жағдайды бөтен біреу көрмеуі үшін терезенің пердесін түсіру қажет, әсіресе кешкі уақытта.
- Қорғау дабылын орнату керек, қорғау агенттігінің өкілдері оқиға орнына 5-7 минутта келеді.

7 миллион теңге немесе 10 жыл

Заңгер Сергей Жұмабеков заңда пәтер ұрлығы немесе пәтер ұрылары деген ұғым жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, ол бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру деп аталады.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында бөтеннің мүлкін - пәтерін, үйін тонауға түскен адамға қатысты жаза қарастырылған. Әдетте пәтер ұрылары жасаған қылмыс орташа ауыр деңгейдегі қылмысқа жатқызылады. Оған 3 000 айлық есептік көрсеткіш (7 215 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына салынады. Бұдан бөлек, заң бойынша ұрлық жасаған адамның мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады", - дейді заңгер.

Сондай-ақ, Сергей Жұмабеков, ірі мөлшерде (500 АЕК-ден бастап - 1 202 500 теңге) залал келтірген қаскөйлердің 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетінін айтты. Ал бірнеше адам топ болып жасаған немесе олар аса ірі мөлшерде (2 000 АЕК-ден бастап - 4 810 000 теңге) шығын келтірсе, олардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети