ПОДЕЛИТЬСЯ
05 апреля 2024 | 09:35
Қазақстандағы су тасқыны: дамыған елдер табиғи апаттан қалай қорғанады?
Биыл Қазақстан соңғы жылдардағы ең ірі су тасқынына тап болды. Су тұрғын үйлерді басып, жолдарды шайып өтті, мыңдаған мал қорада қалып, суға тұншығып мерт болды, тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды. Мұндай жағдай біздің елде ғана болып жатқан жоқ, алайда кейбір мемлекеттер табиғи апаттың салдарын барынша азайту үшін түрлі техника мен жолын ойлап тапқан. Massaget.kz тілшісі өзге елдер су тасқынынан қалай қорғанатынын анықтап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл Қазақстан соңғы жылдардағы ең ірі су тасқынына тап болды. Су тұрғын үйлерді басып, жолдарды шайып өтті, мыңдаған мал қорада қалып, суға тұншығып мерт болды, тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды. Мұндай жағдай біздің елде ғана болып жатқан жоқ, алайда кейбір мемлекеттер табиғи апаттың салдарын барынша азайту үшін түрлі техника мен жолын ойлап тапқан. Massaget.kz тілшісі өзге елдер су тасқынынан қалай қорғанатынын анықтап көрді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Нидерланды
Нидерланды үшін су тасқыны - басты табиғи қауіп. Мемлекет Солтүстік мұхитпен көршілес жатқандықтан, су тасқынымен күресу үшін ауқымды шара қабылданады.
Нидерланды тұрғындарын су тасқынынан қорғайтын ең үлкен жобаның бірі - "Дельта". Бұл Нидерландының оңтүстік-батысында Рейн атырауындағы жерлерді су тасқынынан құтқаратын қорғаныс құрылымдары.
Алғашында бұл жоба польдер арқылы жүзеге асқан. Польдерлер жиналған суды төмен қарай ашылған құлыптар арқылы ағызады. Кейінірек жерді құрғату үшін жел күші қолданыла бастады. 1634 жылдан бастап жел диірмендері доңғалақ пен архимед бұрандасының көмегімен су соратын. Диірмен суды көтере алатын биіктік шектеулі болғандықтан, голландиялықтар резервуарлар каскады арқылы суды көтеретін бірнеше диірмен сала бастады. Жел диірмендері бу және дизельді сорғыларына алмастырылғанға дейін маңызды рөл атқарды.
Ал қазір Голландия су тасқынымен күресудің жаңа тәсілін ұстанып жатыр. Біріншіден, тұрғындарға су тасқыны қаупі туралы ақпарат таратады. Екіншіден, төтенше жағдайды болжап, су деңгейін басқаруға тырысады.
Фото: Wikipedia
Малайзия
Малайзия мемлекеті де қауіпті аймақта орналасқан, сондықтан тұрғындарды су тасқынынан қорғау үшін ел астанасы Куала-Лумпурда "SMART" тоннелі салынған. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен бірінші және Азиядағы екінші тоннел.
Тоннелдің ұзындығы 9,5 шақырым, оның орталық бөлімінің ұзындығы 3 шақырым, бұл екі деңгейлі автокүрежол. Тоннелде қарапайым күндері көлік қозғалысы жүзеге асады, ал су тасқыны болса, тоннелге су жиналады. Тоннел жүйесінің негізгі компоненттері - өзеннің жоғары ағысында орналасқан су қабылдау құрылымы, су жинау және су қоймасы, су бұру тоннелі, тікбұрышты қималы қос су өткізу құбыры және автожол туннеліне кіру/шығу шлюздері. Магистральды желдету жүйесін қамтамасыз ету үшін 15 метрлік төрт желдеткіш білік салынған.
Тоннелдің үш жұмыс режимі бар.
- Бірінші жұмыс режимі. Қалыпты ауа-райында және дауыл болмаған кезде тоннелге су кірмейді.
- Екінші жұмыс режимі. Су тасқыны кезінде су автокүрежол тоннел астындағы айналма жолға жіберіледі, ал көлік үшін учаске ашық болады.
- Үшінші жұмыс режимі. Бұл режимде тоннел көлік қозғалысы үшін жабылады. Барлық көлік тоннелден шыққаннан кейін автоматты түрде су өткізетін қақпа ашылып, ол арқылы тасқын су өтеді. Су тасқыны аяқталғаннан кейін тоннел тексеріліп, қысыммен жуу арқылы тазартылады. Автокүрежол жабылғаннан кейін 48 сағат ішінде қозғалыс үшін қайта ашылады.
Жапония
Токио ойпатты жерде орналасқан, жаңбырлы және тайфун маусымында су тасқынына бейім. Осыған байланысты қала басшылығы ықтимал апаттардың алдын алу үшін әлемдегі ең үлкен су тасқынына қарсы коллектор салған.
Бұл коллекторлар ресми түрде, "Токиодағы су тасқынына қарсы коллектор" деп аталады. Коллекторлар №16 мемлекеттік автожолдың астында 50 метр тереңдікте орналасқан, олардың жалпы ұзындығы - 6,5 шақырым, диаметрі - 10 метр. Коллектор 5 үлкен құдықтан тұрады, олар бір-бірімен алты шақырым тоннел арқылы байланысқан. Нөсер кезінде су құдықтарға құйылады, құдық арқылы орталық тоннелге, одан резервуарға өтеді және одан Токио шығанағына ағызылады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также