16 ноября 2021 | 15:43

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 2-бөлім

Бұған дейін Tengrinews.kz порталында қазақстандық министрлердің көлігі туралы мақала жарияланған еді. Онда тоғыз министрдің көлігі туралы жазған едік. Қалған тоғыз министрлікке ресми сауалхат жолдап, ведомство басшыларының көлігін сұрадық. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұған дейін Tengrinews.kz порталында қазақстандық министрлердің көлігі туралы мақала жарияланған еді. Онда тоғыз министрдің көлігі туралы жазған едік. Қалған тоғыз министрлікке ресми сауалхат жолдап, ведомство басшыларының көлігін сұрадық. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің көлігі - Mercedes-Benz S500. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство басшысының қызметтік көлігі 2014 жылы шығарылған, түсі - қара.  

Реклама
Реклама

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қара түсті Mercedes-Benz көлігімен жүреді. Қызметтік көлік 2018 жылы шығарылған.  

"Министрлікте қызметтік көліктермен көлік қызметін көрсету бойынша өткізген ашық конкурстың жеңімпазы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып анықталған", - деп жазды ведомство баспасөз қызметі. 

Ал қаржы министрлігін басқаратын Ерұлан Жамаубаевтың қызметтік көлігі - Mercedes-Benz, қара түсті. 2013 жылы шығарылған. 

Ведомство баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, министрліктің орталық аппаратының теңгерімінде қызметтік көліктер жоқ. Қызметтік көліктермен қамтамасыз ету үшін ҚР ПІБ Автошаруашылығымен шарт жасалған. 

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Mercedes-Benz көлігімен жүреді. Көліктің түсі - қара, 2017 жылы шығарылған. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Mercedes S222 көлігімен жүреді. Көлік түсі - қара. 

Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов та Mercedes-Benz көлігімен жүреді. Көлік 2015 жылы шыққан. Сол жылдан бері бұл көлікті үш министр ауыстырып пайдаланған екен. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Серікқали Брекешевтің көлігі - KIA K900. Түсі - қара, 2020 жылы шығарылған. 

Ал Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың қызметтік көлігі қандай екеніне жауап бермей, ҚР ПІБ Автошаруашылығына жүгінуді сұрады. 

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің балансында ведомство басшысы Серік Шәпкеновке арналған қызметтік көлік жоқ екен. Мұны министрлік баспасөз қызметі сауалхатымызға жауабында айтты. 

"2021 жылға арналған көлік қызметін көрсету үшін "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен шарт жасалған, ол министрліктің басшылығына, соның ішінде министрге, қызметтік автомобильдерді ұсынады", - делінген жауапта. 

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 1-бөлім

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қалалары мен облыстары әкімдерінің көліктерін жазған едік. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная