15 июля 2020 17:51

Қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны рас па? Әділет министрі жауап берді

Даурен Ерболат Журналист
Фото: dw.com

Әділет министрі Марат Бекетаев "қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Марат Бекетаев "қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бұл ақпаратты БАҚ-тан оқығанын ашық айтты.

Реклама
Реклама

"Ашығын айтсақ, бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдық. Бірден барлық мәліметтер базасын тексердік. Ал жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтердің базасына қатысты айтар болсам, оған қатысты ешқандай дерек тіркеліп, ешқандай ақпарат тараған жоқ. Бірден айтайын, "1430.kz" жүйесі жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтерінің базасымен біріктірілмеген. Сондықтан бұл мәліметтер базасынан ақпарат тарады деуге негіз жоқ. Бұл факт ешқандай ақпараттың тарамағынын көрсетеді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік,, бүгін отандық кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының мамандары қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны туралы мәлімдеген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram