15 декабря 2020 | 12:49

Қазақстандықтарға мерекемен қашықтан құттықтауға кеңес берілді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстандықтарға мерекемен қашықтан құттықтап, адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға мерекемен қашықтан құттықтап, адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, алдағы ұзақ демалыс күндерін ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық шараларды сақтауға шақырамын: 

Реклама
Реклама
Халық көп жиналатын орындарға бармау; Ұжымдық іс-шаралар өткізбеу және шараларға бармау; Ағзаға суық тиюге жол бермеу; Маска тағу, әлеуметтік қашықтық режимін сақтау;

Құттықтау үшін қашықтан байланысу құралдарын пайдалану керек", - деді Роза Қожапова ОКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында демалады. Ал 20 желтоқсанда 18 желтоқсандағы жұмыс күнінің орнына жұмысқа шығады.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 142 986-ға жетті. Сондай-ақ 127096 науқас жазылды, 2088 адам қайтыс болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная