04 июня 2021 | 13:44

Қазақстанға медициналық маска неліктен шетелден келеді? Маман түсіндірді

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда медициналық маскалар неліктен шетелден импортталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбек айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда медициналық маскалар неліктен шетелден импортталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбек айтты. 

"Елімізде импортталған медициналық маскалар тым көп екен. Оның кесірінен отандық тауар өндірушілер зардап шегіп отыр. Қазақстанда медициналық маска шығаратын 50-ден аса компания бар. Олардың ішкі нарықты толық толтыруға қауқарымыз жетеді деп отыр. Неге біз сырттан медициналық маска сатып алып отырмыз?", - деп сұрады журналист

Нұрлыбек Асылбектің сөзінше, Қазақстанда маска өндіруші компаниялар саны былтырмен салыстырғанда 12 пайызға артқан. 

Реклама
Реклама

"Тек біздің елде емес, барлық ел маска, қорғаныш киімдері не дәрі-дәрмекті өздеріңіз білетіндей былтырғы, биылғы жағдайды білесіздер ғой. Сондай жағдайды болдырмау үшін маскаларды шығаруды жүйелі етіп көбейттік. Мысалы былтыр, пандемия басталар кезде медициналық бұйым шығаратын өндірістер 7 болса, бүгінде ол күнделікті көбейіп жатыр. Ал бағана айтылған 50 компания базада жоқ, бірақ былтырмен салыстырғанда 12 пайызға өскен. 

Импортқа келетін болсақ, қазір көбейіп жатыр (маска өндіруші компаниялар - еск.) компаниялар, біз де оны байқап отырмыз. Соған байланысты бәсекелестік баға да түсіп жатыр. Ал отандық өндірушілердің сыртқа (шетелге - еск.) сатуын да қарастырып жатырмыз. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрық жасалып, экспорттау мәселесі тұр. Егер бізге сырттан (шетелден) келетін маска тым көп болып кетсе, оны тиісті мемлекеттік органдармен оны қарастыруға болады", - деді Нұрлыбек Асылбек ОКҚ брифингінде. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная