06 октября 2021 | 16:55

Қазақстанға Pfizer-дің 4 миллион дозасы жеткізіледі - Цой

Қазақстанға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

"Pfizer бойынша қорытынды келісімшарт жасалды. Ол белгілі бір процедура. Бірнеше құжат бар. Шамамен 4 миллион доза келеді деп жоспарланып отыр. Вакцина алдағы таңда төртінші тоқсанда келеді деп ойлаймын. Әр өңірде тоңазытқышпен жабдықталып жатыр. Ол қажет режимге - минус 80 градусқа сай болады. Барлық жағдай жасалады. Барлық егу пункті дайын. Жалпы сақтау шарты барлық вакцинадағыдай. Айырмашылық тек температура мен сақтау режимінде", - дейді министр ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная