20 июля 2020 | 16:30

Қазақстанның қай өңірлерінде карантин күшейтілді?

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 5 шілдеден бері қатаң карантин жарияланған. Ол 2 тамызға дейін жалғасады. Бүгінде кей өңірде карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі соңғы күндері карантин талаптары қатаңдаған аймақтар туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 5 шілдеден бері қатаң карантин жарияланған. Ол 2 тамызға дейін жалғасады. Бүгінде кей өңірде карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі соңғы күндері карантин талаптары қатаңдаған аймақтар туралы баяндайды.

Шымкент

Реклама
Реклама

18 шілдеде Шымкент бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қаладағы карантин талаптарын күшейткен болатын.

Қаулыға сәйкес, карантиндік және қатаң шектеу шаралары 20 шілдедегі 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін енгізіледі.

Бұған дейін енгізілген түрлі талаптардан бөлек, Төлебаев қала аудандарының әкімдіктері, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, денсаулық сақтау субъектілеріне жаңа тапсырма берген.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қатаң карантин кезінде енді Шымкент қаласының аумағында, ықшам аудандарда, тұрғын үйлерде, көпқабатты ғимараттар мен ұйымдардың аумағында жоспарлы және жүйелі түрде күнделікті қоқыс жинауды, тазалауды, жууды, қоқыс контейнерлерін дезинфекциялау тапсырылған.

Қаулы бойынша, стационарлардың аумағында дезинфекциялық заттарды қолдана отырып күнделікті өңдеуді қамтамасыз ету қажет.

Маңғыстау облысы

20 шілдеден 3 тамызға дейін Маңғыстау облысында да карантин талаптары күшейді. Коронавирус инфекциясының аймақта таралуын тоқтату мақсатында қалааралық автобуспен тасымалдау, қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Бірақ жергілікті тұрғындарға жеке автокөлікпен және таксимен жүруге рұқсат етіледі.

Бұрынғысынша жиналыс, форумдар, көрмелер, тренингтер, семинарлар және басқа да іс-шара өткізуге тыйым салынады. Үйлену, туған күн кеші секілді отбасылық, еске алу іс-шараларын да өткізуге болмайды. Үйге де қонақ шақыруға тыйым бар.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Музейлер, театрлар, фитнес және спортзалдар, бассейндер және адам көп жиналатын басқа да орындар жұмыс істемейді. Ал 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылады.

Тек парктер мен скверлерде үш адамға дейін серуендеуге рұқсат берілген.

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда да қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Түнгі сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантин шаралары болады.

Елорда тұрғындарына бірқатар талап қойылған. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 23.00-ден кейін елорда тұрғындары мен қонақтарының жаяу жүріне тыйым салынды. Сондай-ақ, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға жəне рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға болмайды.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сонымен қатар, жұмыс орнынан жəне кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда жəне саябақтарға, жағалауларға барып серуендеуге рұқсат етіледі. Бірақ үш адамнан аспауы керек.

Одан бөлек, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласының аудандық əкімдіктері арнайы белгілеген орындарда мал союды ұйымдастыруға жəне өткізуге тыйым салынды.

Атырау

Атырау облысының аумағында да 2020 жылғы 19 шілде сағат 00-ден бастап,  3 тамыз сағат 00-ге дейін қатаң шектеу және карантин шаралары ұзартылды.

Енді қалалар және елді мекендер арасында автобус тасымалы тоқтатылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар пойызы жүрмейді.

Қоғамдық көліктердің жұмысы да тоқтатылды. Енді 23:00-ден 6:00-ге дейін тұрғындар мен автокөліктердің көшеде жүруіне болмайды.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жұмыс басшылары қызметкерлерінің жұмыс орнына және үйіне жеткізілуін транспортпен қамтамасыз етуге міндеттелді.

Облыстың, қала, аудан өмірін қамтамасыз етіп отырған және үзіліссіз қызмет жағдайындағы кәсіпорындар қызметін қоспағанда, сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салынды. Ал тұрғындарға тек анықтамасы болса, жұмысқа барып-келуіне, дүкен мен дәріханаға баруға рұқсат беріледі.

Басқа өңірлер секілді Атырауда да отбасылық іс-шаралар өткізуге болмайды. Аймақтағы барлық дерлік нысанның жұмысына тыйм салынды, тек қонақүй ғана жұмыс істейді. Өңірде ашық ауадағы тамақтану орындары да жабық болады.

Алматы

20 шілдеден бастап Алматыда да карантин талабы күшейді. Өңірде қалааралық автобустар жүрмейді, демалыс күндері қоғамдық көлік пен метро да жұмыс істемейді. Бірақ өңірлер арасында жеке көлікпен жүруге болады.

Отбасылық іс-шараларға тыйым салынған, үйге де қонақ шақыруға болмайды. Балалар лагері мен білім беру орталықтары жұмыс істемейді.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Спорт нысандарының қызметіне де тыйым салынды. Ойын-сауық мекемесінің бәрі де жабық күйінде қалады. Кафелердің ашық ауада 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

"Енді қоғамдық тамақтану орындары ашық алаңда ғана жұмыс істей алады. Қонақтар саны 30 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ, таулар мен ұлттық парктерде велосипедпен жүруге болмайды", - делінген қаулыда.

Қаладағы ХҚКО-лар 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная