ПОДЕЛИТЬСЯ
17 февраля 2020 | 17:40
Қазақтар дүңгендерге пана берді! - Масанчи тұрғыны әсерлі жазба жариялады
Қордай ауданы, Масанчи ауылының тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында эмоцияға толы жазба қалдырды. Ер адам жазбасында қақтығыстың ұлтқа қатысы жоғын, ол тек арандатушылардың ісі екенін жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қордай ауданы, Масанчи ауылының тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында эмоцияға толы жазба қалдырды. Ер адам жазбасында қақтығыстың ұлтқа қатысы жоғын, ол тек арандатушылардың ісі екенін жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл қалай болғаны? Еш кінәсі жоқ бейбіт тұрғындар не үшін өлді? Мұндай жағдай заманауи және құқықтық Қазақстанда қалайша болғаны? Мұны шынымен де Абайдың, Шоқан Уәлихановтың, Қожа Ахмет Яссауидің, Абылай хан мен Қасым ханның, Төле би мен Қазыбек бидің ұрпақтары жасағаны ма? Жеті атасын білетін, ата-бабасы мен батырларының даңқын мақтан ететін ұрпақтың істегені ме? Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағынан келген миллиондаған адамға пана болған елдің істегені ме? Кавказ, Еділ аймағы, Қиыр Шығыстан келген адаммен бір нанды бөлісіп жеген ұрпақтың жасағаны ма?
Жоқ!!! Мұны істеген қазақтар емес! Мұны ұлттық және ксенофобтық ұрыстарға итермелеген қарақшылар мен қылмыскерлер, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімімізді арандатушылар жасады.
Ал қазақтар бізге қол ұшын созды! Қуаныш деген фермер бірнеше дүнген отбасына үйінен пана беріп, Айнұр, Азамат, Соны есімді дәрігерлер және басқа да жанұялар қорқып қалған отбасыларды аман алып қалды. Кеңес ауылының қарт тұрғыны екі жігітті құтқарып, үйіне кіргізіп, шай берді. Мұндай мысалдар көп", - дейді Хусей Дауров.
Сонымен қатар, жазба авторы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына қатысты ойын бөлісті.
"Қазақстан халқы Ассамблеясы - достық пен келісімнің көпірі, бірегей қоғамдық орган мен құрылым, еліміздегі кішігірім БҰҰ секілді өзіндік мәні барын, маңызын көрсетуі тиіс! Ұйым өз уақытында ұлтаралық келісімдерде, бейбітшілік пен толеранттықта, тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрып жатыр, елдің барлық этностарын біріктіруде маңызды рөл атқарды. Бұл - Елбасының Қазақстан халқын біріктіруге арналған ерекше жобасы. Бірақ бұл жолы ұйым өзінің әлсіздігін, ал орынбасарлары жанжалдың шығу себебін анықтап, жағдайды бәсеңдетіп, халықты сабырға шақырудың орнына бүліктен қорқып қалған халықтың алдында зардап шеккендерді айыптап, сөз сөйледі. Бүгінде ассамблеяның өзінде осы секілді қақтығыстар туралы ескертіп, оның алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жоқ.
Озық жұмыс істеп, дабыл қағуы тиіс болған жергілікті биліктің, құқық қорғау органдарының жұмысына кешірім жоқ. Тіпті ауыл әкімдерінің бірі ескерту жұмыстарын жүргізудің орнына бірі сылқия мас болып, адамдармен ұрсысып жүрді.
Алайда осындай қиын сәтте адами әрі патриоттық қасиетін көрсете білген батырлар да жоқ емес. Олар қоршауда тұрып, жарақат алған құқық қорғау органдарының өкілдері. Сондағы отбасыларға көмектесіп, сырттан келгендерді тоқтатып, бүлік шығуы мүмкін екенін ескерткен қазақтар да болды. Жергілікті қазақ ұлтының өкілі, ақсақал мен полицейлер маған қару көздеп тұрған адамдардан құтқарып қалды. Қазақ, қырғыз басқа да этнос өкілдері зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп, мыңдаған босқынға қол ұшын созып, оларға қолдау білдірді. Біз үкімет ауыл арасында бейбітшілік пен татулық орнататынына, кінәлілер жазаланып, зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, келтірілген залал өтелетініне сенеміз", - дейді Хусей Дауров.
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын. Қақтығыс нәтижесінен, 185 адам зардап шегіп, оның 34-і ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар, 39 үй өртеніп, 20 коммерциялық мекеме мен 47 көлік өртеніп кеткен.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также