09 августа 2023 | 13:24

"Қазақтар мақтасын деп жасаған жоқпын" - Ақкентте 16-қабаттан балаларды құтқарған Шукур Гюнай

Фото: Massaget.kz / Ернар Алмабек

Ақкенттегі өрт әлі де халықтың есінен кете қойған жоқ. 16 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына өрт сөндірушілердің техникалары жетпей, талай адам төбеден төменге секірген болатын. Сол сәтте тілсіз жаумен күрескендердің арасында Түрік азаматы Шукур Гюнай да болған еді. Massaget.kz тілшісі баланың өмірі үшін басын бәйгеге тіккен азаматпен арнайы барып сұхбаттасып келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақкенттегі өрт әлі де халықтың есінен кете қойған жоқ. 16 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына өрт сөндірушілердің техникалары жетпей, талай адам төбеден төменге секірген болатын. Сол сәтте тілсіз жаумен күрескендердің арасында Түрік азаматы Шукур Гюнай да болған еді. Massaget.kz тілшісі баланың өмірі үшін басын бәйгеге тіккен азаматпен арнайы барып сұхбаттасып келді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұл азаматқа жалаңдаған жалыннан жан сақтап қалғандардың айтар алғысы шексіз. Себебі 16-қабаттағы үш бірдей баланың өмірін өлімнен арашалап қалды. Шукур Гюнай - Түркияның азаматы. 2009 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істейді. Түркиядағы коледждердің бірінде электрик мамандығын тәмәмдаған. Қазір құрылыс саласында электрик болып қызмет атқарады. Ол өрт болған уақыттағы оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді.

Реклама
Реклама

"Ең бірінші өрт болып жатқанын досым айтты. Келген кезімізде иіс қатты болды. Адамдардың көбі терезеден секірмекке бекініп тұрды. Көз алдымда 5-10 адам секіріп те кетті. Кімнің ойына келгенін білмеймін құрылыстан екі кран жіберді. Біреуін үйдің жанынан, енді бірін артынан әкеліп орналастырдық. Көліктің көптігінен кіру қиын болды", - дейді ол.

Ал оқиға орнына крандар келгеннен кейін, арқанмен жылжитын жүк көтергіш механизмі бар кабельді кранның үстіне мініп адамдарды құтқаруға кіріскен.

Фото: Massaget.kz / Ернар Алмабек

"Бір мезетте сегізінші қабаттан секіргелі тұрған қызды байқадым. Мен оны дер кезінде айқайлап тоқтаттым. Мені көргеннен кейін ойынан айныды. Достарым бар, өрт сөндіруші қызметкерлер бар шамамен 15 жасар қызды құтқарып қалдық", - дейді ол.


@Шукур Гюнай жеке архивінен

"Содан кейін үйдің артқы жағына екінші кранға ауыстым. Ол жерде техника 16-қабатқа дейін жетпеді. 14-15-қабаттың арасында қалды. Ең жоғарғы қабатта 3 баласымен әйел адам көмек сұрады. Сонымен қатар 15 қабатта екі жасөспірім жігіт пен мамасы болды. Арқанмен жылжитын жүк көтергіш механизмі бар кабельді кранның үстінде жұмыс істеу қиын болды. Мен құрылыс саласында жүргеннен кейін көтерілердің алдында кранның жоғарғы қабатқа дейін жетпейтінін білдім. Сол себепі арқан мен баспалдақ салып алдым. Баспалдақпен 16 қабатқа жету қиын болды. Жүк көтергіш механизмнің тросынан аяқпен, бір қолыммен ұстап, екінші қолыммен балаларды төмендегі достарыма табыстадым. Шүкір бәрі аман қалды", - дейді ол оқиғаның шынайы көрінісі туралы.

Көзсіз ерлікке барған кейіпкердің сол мезеттегі ішкі толқынысын сұрап көрдік. Шукур шын мәнінде бойымда қорқыныш сезімі болған жоқ дейді.

"Сол мезетте бойымда қорқыныш сезімі мүлде болмады. Адамдардың айқай-шуына құлақ түрмедім. Бардым, шықтым, құтқарып алдым. Ешкім маған тросқа өрмеле деп айтпады. Қазір ойлансам, бойымды қорқыныш билейді. Жазатайым жағдай болса не болар еді. Балаларды құлатып алсам немесе өзім құлап кетсем... Мүмкін дұрыс істемедім бе деп те ойлаймын. Мен қазақтар мақтасын деп жасаған жоқпын. Өзін ойлаған адам ондай әрекетке бармас еді. Ойымда "қалай көмектесем" деген сұрақ қана болды".


Фото: Massaget.kz / Ернар Алмабек

Кейіпкердің электрик маманы екенін ескеріп, өрттің шығу себебін де сұрап көрдік. Себебі құзырлы органдардың алдын ала мәліметі бойынша өрттің шығу себебі шахтадағы кабельдердің өртенуінен басталған еді.

"Әр қабаттарда үлкен кабельдер бар. Ол түгелдей пластмассамен қоршалған. Ал пластмассадан қою түтіннің шығатынын өзіңіз білесіз. Дегенмен де, тұрғындар есіктерін ашпай, сулы шүберекпен ауа кіретін саңылауларды бітегенде дұрыс болар еді. Өрт дәлізден басталғаннан кейін пәтерлердің ішіне қою түтін ғана кірді", - дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная