10 апреля 2020 | 16:08

"Қазіргі жағдай тұрақты". Тоқаев Үкіметке қандай тапсырмалар берді?

Фото: Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Сонда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жағдай тұрақты екенін айта өтіп, сақтық шарасы ретінде елімізде төтенше жағдай мен кей аймақтарда карантин режимін ұзартты. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың комиссия отырысы кезінде не айтқанын баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Сонда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жағдай тұрақты екенін айта өтіп, сақтық шарасы ретінде елімізде төтенше жағдай мен кей аймақтарда карантин режимін ұзартты. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаевтың комиссия отырысы кезінде не айтқанын баяндайды.

"Қазіргі жағдай тұрақты"

Реклама
Реклама

Отырыс барысында Президент 15 наурызда елде жарияланған төтенше жағдай туралы айтып өтті. Оның сөзінше, шұғыл шаралардың арқасында коронавирус елде кең таралған жоқ.

"Бүгінде біз уақытында жүзеге асқан шұғыл шаралардың арқасында індеттің кең таралуына жол бермедік. Мұны халықаралық қоғамдастық оң бағалап отыр. Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық. Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекет халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазір елде жағдай тұрақты екенін айтты.

"Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда. Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты. Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті. Бұл атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігін және қосымша шаралар қабылдау қажет екенін көрсетеді. Оңтүстік - халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз", - деді Президент отырыс барысында.

42 500 теңге алу жүйесін жеңілдетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша төлемақы болатынын айтты.

"Коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істеп жатқан медқызметкерлерге көмектестік. Олардың саны - 30 мыңға жуық. Әр аймақ өз мүмкіндігі мен көзқарасына қарай дәрігерлер мен медбикелерге материалды тұрғыда көмектесуі керек деп санаймын. Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі - медицина қызметкері", - деді Тоқаев.

Комиссия отырысы барысында Президент ТЖ кезінде төленетін 42 500 теңге жайында сөз етті.

"Табыссыз қалған азаматтарды қолдау бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Оларға ТЖ кезінде 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем қарастырылған. Жәрдемақыны алуға 1,7 миллион тұрғын өтініш қалдырған, оның басым бөлігі электронды түрде. Осы тұста әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің толыққанды дайын емес екенін айта кету керек", - деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, Үкіметке осы жүйені жеңілдетуді тапсырды.

Төтенше жағдай мен карантин уақыты созылады

Мемлекет басшысының сөзінше, тұрғындардың 37 пайызы карантин енгізілген қалаларда тұрады. Сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтарын азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуді басты мәселелердің бірі деп атады. Бұл мәселені Үкімет пен әкімдіктердің бақылауда ұстауын тапсырды.

"Бізде азық-түлік жеткілікті, сондықтан халықты дүрліктірмеу үшін баға қолжетімділігі мен дұрыс логистиканы қамтамасыз етуіміз керек", - деді ол.

Комиссия отырысы барысында Тоқаев елде Төтенше жағдай режимін ұзартуға тапсырма берді.

"15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр", - деді Президенті.

Төтенше жағдаймен қатар Тоқаев кей аймақтарда карантин режимін созуды тапсырды.

"Біз коронавируспен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның  оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы" - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная