ПОДЕЛИТЬСЯ
13 февраля 2020 | 21:14
"Кейбіреулер осы оқиғаға Елбасын да араластырғысы келеді". Министр Айсұлтан Рахаттың жазбасы туралы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Рахаттың әлеуметтік желіде жазған жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Рахаттың әлеуметтік желіде жазған жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл мәселе бойынша ағайынға айтқым келеді. Қазір жалпы біздің қоғамда ғана емес, әлем бойынша өтірік пен шын ақпаратты ажырату үлкен мәселе болып тұр. Кейбір топтар жалған ақпарат таратып, үлкен кампаниялардың, жеке адамдардың, тіпті бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіріп жүргенін көріп отырмыз. Бірақ мұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады. Және мұндай мысалдар біздің елде де көбейіп келеді. Мұның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді. Ағайын, бұл бірінші кезекте оның анасының трагедиясы. Ана үшін баласынан асқан қандай қымбат нәрсе болуы мүмкін?", - деді ол "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.
"Және айтқым келетін тағы бір маңызды дүние бар, кейбіреулер осы оқиғаға Елбасын да араластырғысы келеді. Шу жасап, елді дүрліктіруге тырысады. Бірақ халықтың бағына туған жақсымызды қаңқу сөзге қалай қиямыз? Өзіңіз ойлаңызшы, экономикасы құлдыраған, жоқ болып кеткен, өндірісі тоқтаған елді 30 жылда қазіргідей деңгейге көтеру кімнің қолынан келеді? Қазақ қашан да ел үшін туған ерлерді бағалаған, төбесіне көтерген, абыройын сақтаған. Бабаларымыз айтқандай, "Бетеге кетсе бел қалар, берекең кетсе нең қалар?". Ағайын, сондықтан берекемізді бағалайық. Жел сөзге еріп, жақсы істі жоққа шығармайық", - деп пікір білдірді Абаев.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также