ПОДЕЛИТЬСЯ
20 февраля 2020 | 20:02
"Қиын әңгіме болды". Даниал Ахметов наразы жұртпен қандай келісімге келді?
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Сарытерек ауылының тұрғындарымен Зайсанда кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз хатшысы Айгүл Базароваға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Сарытерек ауылының тұрғындарымен Зайсанда кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз хатшысы Айгүл Базароваға сілтеме жасап.
Айта кетейік, Сарытерек ауылының тұрғындары кеше, 19 ақпанда сағат 15:00-де наразылықпен ауылдың амбулаториясының алдына жиналған. Олардың жергілікті билікке айтар екі талабы болған: бірі - коронавирус жұқтырғандар емделетін орынды ауылдың амбулаториясында ұйымдастырмау және облысқа жұмыс істеуге келген қытайлықтарды елден шығару.
Базарованың айтуынша, бүгін, 20 ақпанда таңғы уақытта Зайсанға жеткен облыс әкімі жиналғандармен күні бойында 3-4 рет кездесу өткізген. Сол кездесулердің қорытындысы бойынша облыс әкімі былай деп қорытынды жасады: "Айтылған мәселені аз уақыт ішінде қарауымыз керек. Міне, барлық халық таратылды. Бірде-бір мәселе жоқ. Бірақ қиын әңгіме болды. Келісім алдық. Осы жағдай бойынша құрылған комиссияны өзім басқарамын. Құрылған комиссияның 15 мүшесі бар. Қай жақта обсервация ұйымдастырамыз, келген кісілерде қай ауруханаларға жатқызамыз, содан кейін қытайлықтармен қалай жұмыс істейміз - осының бәрін комиссия қарауы керек. Халыққа сол шешімді хабарлаймыз".
Әкімнің баспасөз хатшысының айтуынша, жергілікті халық қытайлық компания жұмысшыларынан коронавирус жұқтырамыз деген қауіпке байланысты оларды елден шығаруды талап еткен. Тағы бір талабы - Сарытерек ауылынан оқшаулау орнын алу.
"Екі мәселе бойынша да шешімін табады. Біріншісі - Сарытерек ауылында обсервация болмайды. Облыс әкімі халықтың талабын орындады. Екінші мәселе - Қытайдан келген жұмысшыларды қайтаруға келсек, аудан халқы жол салу компаниясында жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек келісімшартын ескере отырып, коронавирус мәселесі шешілгенше оларды уақытша еңбек демалысына өз Отанына кетуі туралы ұсынысын білдірді. Мұнда мәселе өткен жылы күз айларында келген 40-тан аса қытайлық азамат туралы болып отыр. Оларда ауру жоқ. Бірақ жергілікті жұрт олардан қауіптеніп отырғанын айтқан", - деп түсіндірді Айгүл Базарова.
Әкімдік өкілі халықтың осылай қауіптенуіне жалған ақпарат таратып, араңдату әрекеті себеп болғанын айтты.
"Зайсан ауданында ешқандай да коронавирус таралу фактісі жоқ. Оны мен ресми түрде айта аламын. Мемлекет тарапынан бүгіннен бастап енгізілген карантин бойынша ҚХР-дан келген Қазақстан азаматтары міндетті түрде 14 күн бойы арнайы дайындалған обсервациялық орындарда жатуы тиіс. Осы профилактикалық шараны жүргізу барысын кейбір азаматтар бұрмалап, жалған ақпарат таратқандықтан, халық арасында наразылық туған", - деп мәлімдеді әкімдік өкілі.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также