ПОДЕЛИТЬСЯ
03 декабря 2020 | 13:00
"Көбі 15-34 жас аралығында". Сенатор шетелге көшіп жатқандар саны артқанын айтты
2018-2019 жылы және биылғы 9 айда Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5 123 адам қоныс аударған болса, солтүстіктен 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Ал жалпы шетелге тұрақты тұруға қоныс аударатын қазақстандықтардың көбі - 15-34 жас аралығындағы азаматтар. Бұл туралы сенатор Айгүл Қапбарова депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2018-2019 жылы және биылғы 9 айда Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5 123 адам қоныс аударған болса, солтүстіктен 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Ал жалпы шетелге тұрақты тұруға қоныс аударатын қазақстандықтардың көбі - 15-34 жас аралығындағы азаматтар. Бұл туралы сенатор Айгүл Қапбарова депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенатор Айгүл Қапбарова көші-қон процестерін іске асырудағы мемлекеттік шаралар мен тетіктерге қарамастан өңірлердегі көші-қон проблемалары толық шешілмей отырғанына алаңдайтынын жеткізді.
"2018-2019 жылы және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5123 адам қоныс аударған болса, өңірден 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Осы облыста 20 жылда 300 жуық мектеп жабылып, бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайған. Мектеп ғимараттары аукционға қойылып сатылуда. Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық - 118 832 адам. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8 пайызын 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар құрайтындығы алаңдатады", - деді депутат Сенат отырысында Үкіметке арналған депутаттық сауалында.
Сенатор сыртқы көші қонның санын азайту үшін ішкі көші қон үдерісіндегі еңбек теңгерімін тұрақты және тиімді қалпын сақтау маңызды екенін атап, ел аумағының біртұтастығы үшін оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған көші-қон үрдісін жалғастыру керек деп санайды.
"Қоныс аударушылар үшін мемлекет беретін тұрғын үйлердің көпшілігі қазіргі заманда өмір сүру стандарттарына, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Кейбір үйлер, қоныс аударушылардың айтуынша, апат жағдайында тұр. Қоныс аударушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қолдау көрсетудің кейбір тетіктері жеткіліксіз", - деді сенатор Айгүл Қапбарова.
"Дәретханада түнедік". Солтүстікке қоныс аударғандар әкімдік салып берген үйдің сын көтермейтінін айтты
Сенатор халықты көшірудің арнайы мемлекеттік немесе өңірлік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Себебі қазір халықты көшіру процесі "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының бір бөлігі ғана.
"Бұл бағдарлама қоныстандыру барысында туындайтын міндеттер мен мәселелердің барлық спектрін шешпейді және қамтымайды, үшіншіден "Бастау Бизнес" бағдарламасының бағыты кәсіпкерлікті, әсіресе, қоныс аударушылар өнімді жұмыс істей алатын ауыл шаруашылығы және АӨК саласындағы даму мәселелерін қажетті шамада шешпейді. Өңіраралық көші-қон процесінде жас отбасыларға елеулі көңіл бөлініп, мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері жүзеге асырылса, Қазақстан жастарының шетелге көшіп кетуінің қазіргідей өсуі жағдайында бұл пәрменді шара. Қолданыстағы бағдарламаны іске асырудың тиімділігін арттыру және осыған байланысты проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдар деңгейінде арнайы бейімдеу орталығын құру қажеттігі туындап отыр", - деді Айгүл Қапбарова.
Сенатор қоныс аударушылар үшін тұрғын үй берудің нақты тетігін пысықтауды, бюрократиялық кедергісіз жер учаскелерін беру, қоныс аударушыларды жинақы қоныстандыру үшін жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру керегін атап өтті. Сондай-ақ "Бір терезе" қағидаты бойынша қоныс аударушылар туралы деректердің бірыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесін енгізу қажеттігі айтты.
Еске салайық, еліміздің оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттік бағдарлама арқылы көшкен отбасылар тұратын үйінің сапасы нашар екенін айтып шағымданған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также