Қоғам қайраткері латынға көшудің пайдасын айтты

19 Маусым, 20:27
21

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Латын қарпі" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қонақ болған қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы латын қарпі туралы пікірін айтты.

Оразкүл Асанғазының сөзінше, латын әліпбиінде жазып, оқып үйренгеннен кейін, бұл өзіміздің төл әрпіміз болып қалады, ол үшін тек уақыт керек.

"Қазір асығудың қажеті жоқ. Әріптер бекітілгенімен оның қалай оқылатыны, қалай жазылатыны туралы мәселені ғалымдар анықтап жатыр. Басқа әліпбиге өту бір әріптің орнына басқасын қоя салу деген сөз емес. Сөзжасам деген үлкен бір ғылым саласы бар. Кезінде астананы ауыстырайық дегенде қандай пікірталас болды, бірақ ақырында кім ұтты? Біз ұттық. Астанамыз қазір қандай керемет қалаға айналды. Ал бұл әріп мәселесі де біздің төл әрпіміз. Қиналамын немесе қиналмаймын деп таңдау бізде емес. Бұған дейін біздің өз әрпіміз болған жоқ. Төте жазу да, араб та, әркім өз билігін жүргізу үшін өз әрпін алып келетін болған. Кеңес кезінде бізге қажет емес дыбыстарды алып келуінің себебі бізді өзіне тәуелді ету болды. Негізі бұл бөтен дыбыстар біздің тілдің емлесіне жат. Сондықтан қазір де біз көп сөзді қате жазамыз. Сондықтан жұрт мына мәселені түсінуі қажет - Қазақстан тәуелсіз мәңгі ел болып қалуы үшін қазақтың өз әрпі болуы керек", - деді Оразкүл Асанғазы.

Студия қонақтарының "баламыздың болашағына алаңдаймыз", "миы ашиды ғой" деген сұрақтарына Оразкүл Асанғазы латын қарпіне негізделген әліпбидің бүгін-ертең күштеп енгізілмейтінін айтып, түсіндірді. 

Еске салайық, биыл ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткен еді

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (21)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц