Қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмаңыздар - Бекшин

Даурен Ерболат Журналист
Фото: fotobus.msk.ru

Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарға қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарға қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша қоғамдық көліктер талапты орындамай отыр.

"Оны байқап отырмыз. Қалада "Оңай" электронды карта жүйесі енгізілген. Қоғамдық көлікте кондукторлар жоқ. Жүргізушілердің жұмысы қиындады. Сондықтан біз қала тұрғандары мен жолаушыларды бұл мәселеге назар ауруды сұраймыз. Қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмаңыздар. Тек автобуста отыруға арналған қанша орын болса, сонша жолаушыға кіруге болады. Бұл мәселеге назар аударыңыздаршы", - деді ол қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Жандарбек Бекшин алматылықтарға карантин талабын қатаң сақтау керегін атап өтті.

Айта кетейік, Алматыда 1 848 адам коронавирус жұқтырған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440-қа жетті. 3 256 науқас айықты, 34 адам көз жұмды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама