03 июня 2020 | 12:58

Көк Жайлауға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі қайтарылады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Айнаш Өндіріс

Көк Жайлауға ерекше мәртебе беріледі. Іле Алатауы және Бурабай ұлттық парктері ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына кіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көк Жайлауға ерекше мәртебе беріледі. Іле Алатауы және Бурабай ұлттық парктері ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына кіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Маңызды құжатты депутат Берік Оспанов таныстырды. Заң жобасын заң шығару бастамасы тәртібімен мәжіліс депутаттары әзірледі.

Реклама
Реклама

Отырыс барысында депутат Иван Клименко сұрақ қойды.

"Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 370 га аумағы Бурабай еркін экономикалық аймағының қажеттілігіне бөлінген. 2014 жылы Көк Жайлау тау шаңғы курортын салу үшін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің 1,2 мың гектарға жуық бөлігі қарастырылған. Ол жерде подстанция салынды. Осыған байланысты аталған аумақтың бәрі де ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына қайтарыла ма?" - деп сұрады ол.

Сауалға экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.

"Біз Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту үшін 370 гектар жерді бердік. Қазіргі таңда 260 гектар жер игерілді. 110 гектар жер ерекше қорғалатын табиғи аумаққа қайтаруды жоспарлап отырмыз", - вице-министр.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында Көк Жайлауға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілетінін атап өтті.

"Көк Жайлауға тоқталайын. Тау шаңғы кешенін салу үшін жер берілді. Алайда бүгінде бұл жобадан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қала әкімдігі бұл жерді қайтарып беруге дайын. Осыған байланысты аталған заң жобасы жерді жеңілдетілген тәртіпте қайтаруды қарастырады, артық шығын болмайды. Алайда парктердің шекарасы өзгермейді. Яғни барлық қажетті келісім алынған жерлер бойынша…", - деді Ерлан Нысанбаев.

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Айта кетейік, 2019 жылдың қазанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көк Жайлау тау шаңғы курортын салуға тыйым салған болатын. 

"Бүгін мен бұл мәселеге қайта оралмас үшін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Бұл Көк Жайлау тау шаңғы курортын салу мәселесіне қатысты. Бізге ол керек емес. Оған барлық кәсіби эколог пен қоғам қарсы", - деді Президент.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная