Қоқысты энергия көзіне айналдыру көзделген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс қоқысты өртеп, оны энергия көзіне айналдыруға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс қоқысты өртеп, оны энергия көзіне айналдыруға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды. Құжатты депутат Құралай Қарекен таныстырды.

Оның айтуынша, заң жобасының тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату көзделеді.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда зауыттар қоқысты тек сұрыптап, қайда өңдейді. Ал енді елімізде жаңа іске қосылатын зауыттар өңдеуден қалған қалдықтарды өртейді. Нәтижесінде энергия алынады", - деді ол.

Сондай-ақ, депутат заң жобасының маңызды аспектісі электр энергиясын алу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша сегментті қолдауға бағытталған нормалар болып саналатынын атап өтті.

Аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама