24 октября 2019 | 13:49

Көліктен түкіру, қоқыс тастау, былапыт сөйлеу. Жиі жасалатын ұсақ бұзақылықтың жазасы қандай?

Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, яғни өзге адамдардың намысына тиетін сөздер айту, онда түкіру, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, мас күйде шу шығару және жүргізушілердің бірін-бірі басып озуы сияқты ұсақ бұзақылықтардың жазасы бар екенін білмейтін адам жоқ. Алайда ұсақ бұзақылыққа жатпайтын әрекеттер де бар. Қала өмірінде тағы қандай әрекет үшін жазалануыңыз мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне адвокат, заңгер Тілеужан Жұмабекұлы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, яғни өзге адамдардың намысына тиетін сөздер айту, онда түкіру, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, мас күйде шу шығару және жүргізушілердің бірін-бірі басып озуы сияқты ұсақ бұзақылықтардың жазасы бар екенін білмейтін адам жоқ. Алайда ұсақ бұзақылыққа жатпайтын әрекеттер де бар. Қала өмірінде тағы қандай әрекет үшін жазалануыңыз мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне адвокат, заңгер Тілеужан Жұмабекұлы айтып берді.

Адвокаттың айтуынша, заң бойынша, өзге адамдардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет үшін 12 625 теңге мөлшерінде айыппұл салынуы тиіс.

Реклама
Реклама

"Бұл ережебұзушылықтардың барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілген. Осы заңның 434-бабы бойынша қоғамдық жерде қоқыс, коммуналдық қалдықтарды тастау, айналасындағы адамдарды сыйламау, құрмет білдірмеу, балағат сөздер айту, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу сияқты ережебұзушылық жасаған адамға 12 625 (5 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Мұның барлығын әкімшілік сот шешеді. Яғни оқиға орнында хаттама толтырылып, материалдар әкімшілік сотқа жолданады. Ол әрекеттер бір жыл ішінде тағы қайталанса, ережебұзушы 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін", - дейді Тілеужан Жұмабекұлы.

Сондай-ақ, заңгер алкоголь ішіп, қоғамдық орындарда шу шығарып, өзге адамдардың демалуына кедергі келтіретіндердің көп екенін айтады. Мұндай сипаттағы ережебұзушылық жасағандарға, маманның айтуынша, заң бойынша - 7 575 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл міндеттеледі.

"Заң бойынша алкоголь ішіп, масаң күйде айналасындағыларға кедергі келтіргендерді немесе қоғамдық жерде тәртіп бұзғандарды фото немесе видеоға түсіруге рұқсат етілген. Себебі кез келген адам Қазақстан азаматы ретінде, қоғамға жаны ашитын адам ретінде, сондай-ақ, құқық қорғау органдарына дәлел көрсету үшін фото және видеоматериалдар жасау құқығы бар. Себебі ол жағдай қоғамдық жерде болды, сондықтан куәгерлер ереже бұзған адамды фото немесе видеоға түсіре алады", - дейді заңгер.

Қоғамдық жерде түкіру (жаяулар, көлікте, лифтіде)

Адамдар қоғамдық орында түкіруден тыйылмайды. Керісінше, бұл әдеттен арылмайтындар саны көбейіп жатыр. Кез келген қоғамдық орында, мейрамханада, саябақта, аялдамада, лифтіде, көлікте отырғанда түкіргендерге негізі 12 625 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал ол әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 10 тәулікке дейін қамауға алынады. Әсіресе, көлік тізгінінде отырып, түкіре салатын адамдар көп. Оған дәлелдер болса, ереже бұзған адам міндетті түрде жазаланады.

Қоғамдық орында ортақ мүлікті бүлдіру

Бұзақылық кезінде азаматтардың денсаулығына зиян келіп, ортақ меншікке залал келтіру жағдайлары жиі кездеседі. Амал не, бұл әрекеттердің салдарынан өзге де ауыр қылмыстар жасалып жатады. Осы сипаттағы бұзақылық үшін де 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Көлік дабылын қосу

Көлік дабылын себепсіз қосатындарға да әкімшілік жаза қарастырылғанын ескеру керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша, көлік дабылын себепсізден қосып, кортеж ұйымдастырып, салдарынан кептеліс жасап, ереже бұзатындарға да 12 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттеледі. Бұл жерде бірінші кезекте әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар жергілікті инспекторларға жолдануы тиіс.

Заң бойынша, дабыл басқа жүргізушілерге ескерту ретінде, жол-көлік оқиғасын алдын алу ретінде қолданылады. Ал басқа аумақтарда, көппәтерлі үйлердің немесе жеке үйлердің аулаларында көлік дабылын қосуға тыйым салынған, осылайша, елдің мазасын алғандар айыппұл төлеп немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

Көппәтерлі үйде тыныштық бұзу

Кодекске сүйенсек, сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін тыныштық бұзуға тыйым салынған. Яғни осы уақыт аралығында қандай да бір бұзақылық жасап, шу шығару заң бұзу болып саналады.

Тыныштықты бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабында көрсетілген. 

Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне жұмыс күндері түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері түнгі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салынатыны айтылған.

Осылайша, заң бойынша, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерде тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға - 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, осы әкiмшiлiк жазадан кейiн ережебұзушылық бiр жыл iшiнде қайталанса, онда айыппұл сомасы екі еселенетіні айтылады.

Ал бірақ күндізгі уақытта көршілер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, демалуға кедергі болса, ол шудың өлшемін арнайы құралмен есептеуге болады. Шудың өлшемін тиісті лицензиясы бар мекемеге хабарласып, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама аясында өлшеуге болады. Ол өлшем нормадан асқан жағдайда полицияға хабарласып, әкімшілік хаттама толтырту қажет.

Өзге елдерде жаза қандай?

Қытайда көшеде түкіргендер, ұсақ-түйек қоқыс тастағандар 8 доллар мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Қытай астанасының басшылығы көшеде түкіру проблемасымен 2006 жылдан бері айналысып жатыр. Олар басқа адамдардың көзінше түкіруді қасындағы адамдарды құрметтемеу деп санайды екен.

Сингапурде сағыз шайнамақ тұрмақ, оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмайды дейді. Ол есірткімен теңестірілген, бұл үшін кем дегенде 500 доллар айыппұл салынады. Тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткендер болса 100 доллар,  ал түкіргендерге 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.

Ал Малайзияда жерге тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады, Тайландта болса 600 долларға дейін айыппұл салынады.

Чехияда да ережелер қатаң. Онда рұқсат етілмеген жерде сағыз бен басқа да қоқыс түрі тасталса, мәдени-тарихи орындарда спирттік ішімдіктер ішкендерге 5 доллар мөлшерінде айыппұл салынады. 

Оқи отырыңыз:

"505 мың теңге". Көпшілік алдында былапыт сөзбен қорлаудың құны қанша


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная