29 сентября 2020 | 11:15

"Қолы жеңіл хирург", "Хирург от Бога", "Ел академигі" атанған дәрігерді әріптестері мен туыстары еске алды

Белгілі дәрігер-хирур Қазыбаев Нұртас Кәкімжанұлын туған күніне қарсы "Сәуле ғұмыр" бағдарламасында анасы, туған-туыстары мен достары еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі дәрігер-хирур Қазыбаев Нұртас Кәкімжанұлын туған күніне қарсы "Сәуле ғұмыр" бағдарламасында анасы, туған-туыстары мен достары еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Медицина профессоры Алмас Шарманның айтуынша, қысқа ғана медициналық ғұмырында Нұртас Қазыбаев 30 мың ота жасап, 5 мың ғұмырды ажалдан арашалап қалған. Оған қоса, әлемде пайда болған, ғылыми дәлелденген жаңалықтарды Қазақстанға әкеліп, өзі еңбек еткен ауруханада енгізген. Өмірінің соңына таман 6 патент алған, соның ішінде іш-құрылыс органдарына лапароскопиялық ота жасау тәсілін алып келген.

Реклама
Реклама

Тек біліктілігімен, еңбекқорлығымен ғана емес, адамгершілігімен де елінің сүйіктісіне айналған Нұртас Кәкімжанұлы туралы естеліктер айту үшін Almaty TV студиясына анасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Орынша Қарабалина-Қазыбаева келді.

"Ойы жақсылықтан жаралған бала ғой. Бір күні жұмысқа келсе охраниктер отырады ғой. Мына жаққа қараса шарбақтың түбінде бір жігігт жатыр дейді. Ана жігіт бүрісіп жатыр дейді. Ана жігіт не істеп жатыр десе охраниктер әй ішкен адам ғой. Жата берсін дейді. Жоқ дегенмен барса ішін ұстап жатыр дейді. Содан кейін давай немедленно кіргізіңдер. Ағай, бұл жерге басқа адамдар кірмейді ғой. Не плантыйлар кіреді, не болмаса өкіметте жұмыс істеген адамдар кіреді. Бұл адамды қалай кіргіземіз? Сөзді қой тоқтат. Қазір мен жан сақтау бөліміндегі қыздарға хабарлаймын. Ол қыздарға айтыпты. Сөзді қойыңдар. Жеркенбеңдер. Анау адамды жуындырыңдар деп. Аурухананың киімін беріңдер. Хирургияға апарған. Сөйтсе жаңағы адамның тасы бар екен. Үйсіз жүрген адам. Кетерде анау киімдерін апарып тастаңдар керегі жоқ деген ғой. Өзінің алатын ақшасы мардымсыз ғой. Соған қарамастан костюмін алып, аяқ киімін, рубашкасын алып кидіріп жібергенде қыздар айтты ғой маған. Қайтыс болғаннан кейін мен жансақтау бөлімінде жаттым. Олар да жылайды, мен де жылаймын...

 

Жігітке қандай қасиет керек болса сол қасиеттің барлығы бар еді. Лапароскопия деген аппаратты былай алды. 1996 жылы Американың бір бизнесмені ауырған ғой. Амалсыздан Америкаға жете алмайтын болғаннан кейін Нұртасқа келген. Нұртас соған операция жасаған. Ол еліне барғаннан кейін операция дұрыс жасалды ма, жоқ па деп зерттеген. Сондағы үлкен академиктермен. Сонда бұл отличный операция деген. Жексенбі тағыда жұмысқа кетейін деп жатыр. Сонда әлгі жігіт международный звонок болды. Америкадан. Ағылшынша сөйлесіп жатыр. Біткеннен кейін мама мен жақында айтып едім ғой. Комерсантқа операция жасадым деп. Ол маған рақмет айтып жатыр. Енді маған ақша жіберемін дейді. 250 мың доллар. Ой жақсы болды ғой. Машина аласың тағы үй аламыз ғой дедім мен. Жоқ мама, дәметпе деді. Ауруханаға лапароскопия аппарты керек деді. Соны айтып едім ол тоқтап қалды деді. Сенің өзіңе беремін. Больницаға аппарат алып бермеймін деді дейді. Бұл ақшаны өзіңе жіберемін. Құжатыңды айт деп тұр ғой. Сол күні кешке тағы хабарласты. Жарайды енді өзіңе жіберейін деп едім ақшаны. Енді өзің аппарат алып бер деп тұрсың. Бүгінде ол аппарат тек хирургияға ғана емес барлық урологияға, гинекология барлығына ол аппарат көмектеседі", - дейді анасы.

"Сәуле-ғұмыр" бағдарламасы - ұлтқа еңбегі сіңген тұлғаларға арналған хабар. Әдебиет, өнер, спорт, медицина, қоғам қайраткерлері. Олардың барлығы да өз саласы бойынша еңбек етіп, артына өшпес із қалдырып кетті. Бағдарламаның кейіпкерлері - осындай жандар. Әр хабар белгілі бір кейіпкерге арналып, студияға қонақтар шақырылады, естеліктер айтылады. Бағдарлама әр сенбі сағат 23:00-де шығады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная