14 апреля 2020 | 12:37

"Компьютер, маска". Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек көрсетті? 

Дүниежүзінде коронавирус індетінің тарауы елдер арасындағы байланысты нығайтты. Көп ел бір-біріне гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстанға да бірнеше мемлекеттен көмек келген. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен елдер туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзінде коронавирус індетінің тарауы елдер арасындағы байланысты нығайтты. Көп ел бір-біріне гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстанға да бірнеше мемлекеттен көмек келген. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен елдер туралы баяндайды.

Алғаш болып көмектескендердің бірі - АҚШ

Реклама
Реклама

Қазақстаннан коронавирус алғаш табылған күні, 13 наурызда түнде елге АҚШ-тан көмек жетті. Бұл америкалық тараптың коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жіберген гуманитарлық көмегі болатын. Жүктердің елге жеткенін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлаған.

Гуманитарлық көмекті АҚШ пен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жіберген.

"13 наурыздың түні USAID пен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының өкілдері Қазақстанның үкіметіне COVID-19 жұқпалы ауруымен күресу және оның таралуын болдырмау үшін берілетін жүктерді күтіп алды", - делінген хабарламада.


© facebook/usembassy.nursultan 

Бұл жүктерде жеке бас қорғаныс құралдары болған.

Наурыздың аяғында америкалық тарап Қазақстанға тағы бір көмек көрсетті. Бұл жолы АҚШ біздің елге COVID-19 індетіне қарсы күресін қолдау мақсатында 365 миллион теңге бөлді.

Қытай екі рет гуманитарлық жүк жіберген

Сәуірдің басында Қытайдан алғашқы гуманитарлық көмек келді. Гуманитарлық көмек туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы әңгімесінде келіскен еді.

Жүк салынған ұшақ 2 сәуірде Алматы әуежайына қонды. Гуманитарлық көмектің ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім болды.

"Бұл Қытай билігінен алғашқы гуманитарлық көмек. Бүгін тест жиынтығы, қолғаптар, көзілдіріктер, халаттар және басқа да медициналық қорғаныс құралдары келді. Бұл соңғы жүк емес деп ойлаймын", - деді Қытай бас консулының орынбасары Мяо Хумбо.


ҚР СІМ баспасөз қызметі

4 сәуірде Қытайдан Ақтөбеге гуманитарлық көмек жетті. 220 000 медициналық маска мен 3000 қорғаныс костюмі Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданы мен Шаньдун аймағынан жіберілген.

Тағы 500 мың маска жергілікті кәсіпкерлерге тегін үлестірілген. Медициналық заттар Ақтөбе қаласындағы мұқтаж жандар мен аудандарға берілген.

Сонымен қатар, пандемиямен күресу мақсатында сәуірдің басында елге Қытайдан дәрігерлер тобы жіберілді. Олар қазақстандық дәрігерлерге коронавируспен күресуге көмектеседі.

Оңтүстік Кореядан - 1000 тест

4 сәуірде елге тағы бір гуманитарлық көмек жетті. Бұл жолы Қазақстанға Оңтүстік Корея көмектескен. Кореялық тарап Қазақстанға коронавирусты тексеруге арналған 1000 тест жіберді.

Сеулден жіберілген тесттер Asiana Аirlines әуе компаниясының бортында келді.

Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек қана келмеді. Бортта Кореядан жүзден аса қазақстандық болды. Олар Алматыға жеткізілді. Дәл осы рейспен кейін Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстаннан өз еліне ұшты.

БАӘ-ден 13 тонна жүк

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі де Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. Жүк салынған ұшақ елге 6 сәуірде жетті.

Гуманитарлық көмек ішінде медициналық заттар болған. Араб Әмірліктері жіберген жүктің салмағы - 13 тонна.

"Елдеріміз арасындағы дәстүрлі жылы және достық қарым-қатынастың, сондай-ақ, коронавируспен күресудің бірлескен күш-жігерінің арқасында БАӘ-ден ұшақ келіп жетті. Ұшақтағы жүктің салмағы 13 тонна болды", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі 

БАӘ жіберген жүктің ішінде толық қорғаныс құралы, бір рет қолданылатын қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер бар.

Польша Қазақстанға компьютер жіберді

Ал кеше елге Польшадан гуманитарлық көмек келді. Жүк Польшадан чартерлік рейс арқылы жеткен.

Басқа елдермен салыстырғанда польшалық тарап гуманитарлық көмектің тек медициналық жағын ойламаған.

Мысалы, елге князь Любомирский Қоры қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлер (ноутбуктер) келді.

Сонымен қатар, Польша билігі Wipasz поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскалар жіберген, оның саны - 100 мың дана.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная