13 января 2021 | 16:53

Қонаққа бармаңыздар, шақырмаңыздар - бас мемлекеттік санитар дәрігер

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/ Әлихан Сариев

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтардан қонаққа бармауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтардан қонаққа бармауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы белгіленген алдын ала шаралар сақталмағанын көрсетеді. Сондықтан сіздерді тағы да қонаққа бармауға және қонақ шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда қашықтық сақтауға, байланыс кезінде медициналық маскаларды, антисептиктерді қолдануға шақырамын. Жұмыс берушілер өз клиенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Кәсіпкерлік субъектілер белгіленген талаптарды орындауы керек. Осы мәселелер көп шығынды қажет етпейді және оларды орындау оңай. Құрметті қазақстандықтар, тағы еске салғым келеді. Әрбіріңізден пандемия жағдайына барынша жауапкершілікпен қарауды сұраймын", - деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 164 477-ге жетті. Бас санитар қазір ауруханаларда 5 732 науқас, ал реанимацияда 357 науқас жатқанын атап өтті.

Ерлан Қиясов соңғы айда елімізде КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалып отырғанын айтты. Сол себепті қазір Қазақстан "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты және карантин шаралары күшейтілуі мүмкін екенін ескертті.

"Соңғы айда сырқаттанған адамдардардың өсуі Атырау облысында (3,7 есеге) байқалады. Алматы облысында 1,8 есе, Қарағанды және Алматы облыстарында 1,5 есеге өсті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінгі күні халықтың жиналмауына, байланыстарын азайтуға бағытталған карантин шараларын күшейту қарастырылып жатыр", - деп ескертті бас санитар дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная