29 мая 2020 | 17:51

Қордай ауданындағы қақтығыс: зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілді?

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы қақтығыс салдарынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы қақтығыс салдарынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. 

Реклама
Реклама

"Бүгінгі таңда зардап шеккен 39 отбасына 44 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қосымша ауданның 936 отбасына 122 тонна азық-түлік пен қайырымдылық көмек көрсетілген. Сонымен қатар, асыраушысынан айырылған отбасыларға ай сайын орта есеппен 55 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалып, төленіп жатыр. Табысынан айырылған аудан тұрғындарына 42 500 теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен 55 мың аудан тұрғынына және атаулы әлеуметтік көмек аясында 813 отбасына барлығы 2 миллиард теңге қаржы төленді", - деді Ержан Жылқыбаев ОҚК брифингінде.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан.

Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шыққан. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. Қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная