ПОДЕЛИТЬСЯ
10 февраля 2020 | 17:28
Қордайдағы жағдай: қарияның екі баласын ұрып-соққандар ұсталды
Қордай ауданында қарияның екі баласын ұрып-соққандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қордай ауданында қарияның екі баласын ұрып-соққандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатында айтты. Одан журналистер "Қарияның екі баласын ұрып-соққандар туралы ақпарат болды, олар ұсталды ма? Қандай жазаға тартылады?" деп сұрады.
"Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, олардың қалай жазаланатыны тергеу аяқталып, сот үкімі шыққанда анықталады. Кеше бізге полицейлерді ұрып-соққандар туралы да сұрақ қойылды. Олар да ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп жауап берді Сапарбаев.
Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер: 25 қылмыстық іс қозғалды
Бұған дейін Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы Алматыдағы ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұраған. Өз кезегінде қария қазақстандықтардан өшікпеуді сұраған болатын.
"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - деген еді қартпен кездесуді видеоға түсірген Азамат Ерғали.
Қордайдағы қақтығыста зардап шеккен ақсақал жағдайын айтты
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.
Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған.
Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.
Показать комментарии
Читайте также