Қордайдағы қақтығыс: Роза Рымбаева қазақстандықтарға үндеу жасады

Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші көп ұлтты ауылда туып-өскенін атап өтті.

"Мен көп ұлтты ауылда туып-өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білуі керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық", - деп жазды Рымбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейтінін, сондықтан қазақстандықтарды ақылды болуға, араңдатуға жол бермеуге шақырды.

Масанчидегі қақтығыстан қаза тапқандардың тізімі жария болды

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты. Қордай ауданындағы оқиғаның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шеккен.

Tengrinews
Вопрос от автора
news21
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама