10 февраля 2020 | 15:11

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев кімдерді қызметінен босатты?

Tengrinews.kz коллажы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты бірнеше шенеунікті жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуға тапсырма берген. Олардың қатарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, полиция басшысы бар. Tengrinews.kz тілшісі Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты қызметінен кімдердің кеткеніне шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты бірнеше шенеунікті жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуға тапсырма берген. Олардың қатарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, полиция басшысы бар. Tengrinews.kz тілшісі Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты қызметінен кімдердің кеткеніне шолу жасады.

Облыс әкімі орынбасары

Реклама
Реклама


Сұлушаш Құрманбекова. Фото tilalemi.kz сайтынан

Сұлушаш Құрманбекова былтыр 10 сәуірде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Қызметінде әлеуметтік мәселелерге жауап береді.

Сұлушаш Құрманбекова 1963 жылы туған. 1985 жылы Қазақ С. М. Киров атындағы мемлекеттік университетін "тарихшы" мамандығы бойынша  бітірген. Шенеунік еңбек жолын мұғалім болып бастап, облыс әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

1985 жылы Жамбыл қаласындағы №10 орта кәсіби-техникалық училищесінде мұғалім болып жұмысқа тұрған. Кейін орта мектеп мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Артынша Тараз қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Содан кейін облыс әкімдігінде қызмет ете бастайды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін  атқарған.

Әкім орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін Құрманбекова облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қордай ауданы әкімі


Болатбек Байтөле. Фото: Қордай аудандық әкімдігі

Тоқаевтың тапсырмасымен қызметінен кеткендердің бірі - Қордай ауданы әкімі Болатбек Байтөле. Ол бұл қызметте екі жылға жуық жұмыс істеген.

Болатбек Байтөле 1959 жылы дүниеге келген. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын "бухгалтерлік есеп", 2001 жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Экс-әкім еңбек жолын экономист ретінде бастаған. 1980 жылы Қордай ауданындағы Красногор аудандық агроөнеркәсіптік ұйымында аға экономист қызметін атқарған. Қызметтерінің басым бөлігін Қордайда өткізген.

Қордай совхозында, совхоз-техникумда бас есепші, Қордай аудандық қаржы, мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімдерінің, салық комитетінің басшысы қызметін атқарған.

Бірнеше жыл Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары болған. 2012 жылы Қордай ауданының әкімі болып тағайындалып, екі жыл осы қызметті атқарған. Араға жылдар салып, 2017 жылы 27 наурызда ол бұл қызметке қайта келген еді.

Облыстық полиция департаментінің бастығы


Арман Оразалиев. Фото express-k.kz сайтынан

Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа екі адамды қызметінен босатуды тапсырған. Солардың бірі - Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев. Ол бұл қызметке 2018 жылы 7 шілдеде тағайындалған еді.

Оразалиев 1975 жылы 26 мамырда Шымкентте туған. Әкесі Молдияр Оразалиев кезінде ішкі істер вице-министрі болған.

Арман Оразалиев ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдаған. ҚР ІІМ Академиясы басқарушы құрамды дайындау институты мен Ресей Федерациясының Академиясында тәлім алған. Негізгі мамандығыны - заңгер.

Еңбек жолын түрлі ведомствода жедел уәкіл қызметінде бастаған. Бірнеше жыл Ішкі істер министрлігінің түрлі органында басшы, орынбасар қызметтерін атқарған. Шені - полиция полковнигі.

Оразалиев - көпбалалы әке. Бүгінде жарымен бірге бес баланы тәрбиелеп отыр.

Аудандық полиция бөлімінің басшысы

Қордай ауданындағы қақтығыс аудандық полиция бөлімінің басшысы Азамат Айқымбековтің де қызметтен кетуіне әсер етті. Ол бұл қызметке 2018 жылы 22 қарашада тағайындалған болатын.

Азамат Айқымбеков 1975 жылы 28 шілдеде Таразда дүниеге келген. Еңбек жолын 22 жасында Таразда жалпы қылмыстарды тергеу бөлімінің мүліктік қылмыстарды және есірткіге байланысты қылмыстарды тергеу бөлімшесінің жедел уәкілі қызметінде бастаған.

Жалпы, Айқымбеков еңбек жолын толығымен Жамбыл облысында өткізген. Көбіне түрлі бөлімшеде жедел уәкіл қызметін атқарған. Соңғы жылдары Жамбыл облысындағы аудандарда ішкі істер бөлімінің бастығы болған. Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметінде бір жылдан аса жұмыс істеген.

Тоқаев Жамбыл облысының екі шенеунігін қызметінін босатуды тапсырды

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 170 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. Қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тапқан болатын. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная