ПОДЕЛИТЬСЯ
20 октября 2020 | 09:55
Коронавирус: 8,2 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған
Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрі сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрі сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін үкімет отырысында министр халықты дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі туралы есеп берді. Цой COVID-19 екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатқанын атап өтті.
"Күз-қыс маусымдарында коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін деген күдікпен бірқатар жұмыс жүргізілді. Біріншіден, бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация - ескерту) қоймаларында 2 айлық дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын қалыптастыру. 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрінің түрі сатып алынып жатыр. Ол бір айға шамамен стационарлардағы 60 мың науқасты емдеуге есептелген. Дәрі-дәрмектің азаймайтын қоры өтінімнен тыс денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша сақтық шарасы үшін сатып алынып жатыр", - деді министр.
Оның айтуынша, COVID-19 бойынша 2 айға есептелген дәрі-дәрмек қоры бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация - ескерту) хабында сақталады.
"2020 жылдың 15 қазанындағы мәлімет бойынша 5,92 миллиард теңгеге 37 дәрінің түрі сатып алынды. Бұл шара дәрі-дәрмектің резервін құруға мүмкіндік береді", - деді Цой.
Айта кетейік, Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырды. 105 145 науқас айықты, 1 768 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также