13 августа 2020 | 12:46

"Коронавирус - әдейі химиялық улау". Желіде қандай фейктер тарап жатыр?

© Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Соңғы күндері әлеуметтік желіде жалған ақпараттардың қарасы көбейіп кетті. Пандемияға байланысты коронавирус жайлы түрлі фейк тараған. Бірі COVID-19 бен 5G технологиясының байланысы бар десе, енді бірі вирустың балалар үшін қауіпті үшінші толқыны келе жатқанын айтқан. Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған жалған ақпараттарға шолу жасады.
 
Күніне 25 адамды жазалау туралы ақпарат - фейк

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері әлеуметтік желіде жалған ақпараттардың қарасы көбейіп кетті. Пандемияға байланысты коронавирус жайлы түрлі фейк тараған. Бірі COVID-19 бен 5G технологиясының байланысы бар десе, енді бірі вирустың балалар үшін қауіпті үшінші толқыны келе жатқанын айтқан. Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған жалған ақпараттарға шолу жасады.
 
Күніне 25 адамды жазалау туралы ақпарат - фейк

31 шілдеде Павлодар облысының Полиция департаменті маска тағу режимін бұзғандарды жазалау бойынша арнайы жоспар туралы желіде тараған құжатқа қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желіде тараған құжатқа өңірдің ПД басшысының міндетін атқарушы полковник Қайыров қол қойғаны және Павлодар, Екібастұз ПБ басшыларына жіберілген.

Реклама
Реклама

"Маска режимін бұзғандарды қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Күніне Павлодар қаласында - 25, Екібастұзда - 25, Ақсуда - 20, ауыл-аймақтарда 10 деректен анықталып отырсын", - делінген құжатта.

Аталған ақпаратқа ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров түсініктеме берді.

"Бүгінде әлеуметтік желіде арнайы жоспар туралы басшыларға тапсырма берілгені туралы құжат жүр. Аталған дерек бойынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ол фек екенін айтамын. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша фейк ақпараттарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді ол.

ПД басшысы полиция қызметкерлеріне қандай да бір талап не тапсырма қойылмайтынын айтты.
 
Коронавирус - тұрғындарды әдейі химиялық улау - фейк

Тұрғындарды химиялық улау туралы жалған хабарламаның авторын қостанайлық полицейлер ұстады.
 
Әйел адам Instagram желісіндегі парақшасында коронавирус пандемиясы - тұрғындарды әдейі химиялық улау процесі және Қостанайда ұшып жүрген белгісіз тікұшақ сол мақсатта қолданылатынын жазған. Бұл хабарламаны полицейлер БАҚ пен әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында анықтаған.

"44 жастағы Қостанай тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деді полиция өкілдері.

Аталған баптың санкциясы бойынша 1000 АЕК көлемінде айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, 400 сағат қоғамдық жұмыс, немесе 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 
Коронавирустың үшінші толқыны балалар үшін қауіпті - фейк

Мессенджерлерде белгісіз әйел қазақстандықтарды коронавирустың үшінші толқыны туралы ескерткен аудио жазбасы тарады. Оның айтуынша, тамызда коронавирустың үшінші толқыны болады, ол балаларға қауіп төндіреді.

"Алматы және Алматы облысында балалар арасында өкпе ауруының дерегі көбейіп кетті. Дәрігерлер мұны коронавирустың үшінші толқынымен байланыстырып отыр. Сондықтан барлық жас анаға ескерткім келеді, балаларыңызды қорғаңыздар. Оларға балмұздақ және суық су бермеңіздер. Суық жерге бармаңыздар. Мен сіздерге ескертемін!

Балалардың өкпесі ауырады, іші өтеді. Оңтүстікте көптеген бала өліп жатыр. Вирус ауада жүр. Сондықтан ауылдастар, іштің ауырғанын басатын дәрі мен антибиотик сатып алыңыздар", - дейді ол.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

COVID-19 бен 5G арасында байланыс бар - фейк

Әлеуметтік желі қолданушылары «5G технологиясы және тері жасушаларында коронавирустың индукциясы» мақаласын таратқан. Мақалада "5G технологиясы мен COVID-19 байланысты" делінген. Бұл туралы factcheck.kz басылымы жазған.


© factcheck.kz

Мақала ғылыми сайттардың бірінде шынымен жарияланған. Алайда мақаланың мән-жайын анықтаған, сайт редакторы мақаланы алып тастаған. Сонымен қатар, ғылыми қауымдастық мақалада айтылған болжамдарды да сынға алды. Мысалы, микробиолог және ғылыми тұтастық жөніндегі консультант Элизабет Бик "2020 жылы ең нашар жұмыс қайсы? 5G және коронавирустық индукция" деген мақала жариялады. Онда ол мақаланың негізгі тезистерін талдайды.

Биктің айтуынша, мақала авторы тезистерді растайтын тәжірибелер жүргізілмегеніне және ешқандай дәлел келтірілмегеніне назар аударған. Ғалымның айтуынша, бұл - ғылыми мақала емес.

Еске салайық, Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.

Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату - 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная