26 марта 2020 | 19:13

Коронавирус: Алматыда бүгін тіркелген науқас Нью-Йорктен келген

Рахила Тлеуова Корреспондент
Photo Turar Kazangapov

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін тіркелген науқастардың ішіндегі 1991 жылы туған науқас 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келді. Коронавирус анықталған қалған адамдар коронавирус расталған адамдармен байланысты болған. Тіркелген 40 науқастың, екеуі - бала", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2020 жылдың 26 наурызы сағат 16.20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында - 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 адам коронавирустан емделіп шықты.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная