ПОДЕЛИТЬСЯ
27 марта 2020 | 14:50
Коронавирус: атыраулық 3 науқастың қайдан келгені айтылды
Атыраулық 3 науқастың қайдан келгені айтылды. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атыраулық 3 науқастың қайдан келгені айтылды. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басқарма басшысының айтуынша, 3 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
"Өкінішке қарай, 27 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды. Бірінші науқас 21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келді. 26 наурызда ЖРВИ белгілері болған соң анализ алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Екінші науқас 17 наурызда Ыстамбұлдан Алматыға, сосын Алматыдан Атырауға келді. Ол Ыстамбұлдан келген елордалық тұрғынмен байланыста болғандықтан, оның анализдері алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Үшінші науқас кеше Амстердамнан келді. Ұшып келген барлық жолаушы карантинге жатқызылды. Өкінішке қарай, тест нәтижесі бойынша одан да коронавирус анықталды. Үш науқастың жағдайы қанағаттанарлық, - деді басқарма басшысы.
Науқастармен қарым-қатынаста болған барлық адам анықталып, оқшауланды.
Айта кетейік, бүгін Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырған 3 науқас тіркелді.
Сонда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында - 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Қазақстан бойынша жалпы 125 науқас тіркелді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также