ПОДЕЛИТЬСЯ
02 марта 2020 | 10:03
Коронавирус: Біртанов елімізде қанша адамның бақылауда екенін айтты
Коронавирустың қарқынды тарауына байланысты мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық бақылау күшейтілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирустың қарқынды тарауына байланысты мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық бақылау күшейтілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінен санитарлық бақылау 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшейтілген.
"Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінен санитарлық бақылауды күшейтіп, 1 миллионға жуық адамды тексерді. Бүгінде бақылауға 30 мыңнан аса адам алынды, 14 күн инкубациялық кезең аяқталуға байланысты бақылаудан азаматтардың негізгі бөлігі шығарылды. Қазірігі таңда 6474 адам әлі де бақылауда", - дейді министр.
Елжан Біртановтың сөзінше, ауырып шыққандардан бастап, қазіргі уақытқа дейін қызуы көтеріліп, жедел респираторлық вирус инфекциясымен ауырған 186 адам ауруханаға жатқызылған.
"Олардың 166-сы жазылып шықты. Қалған 20 адам стационарда ем алды. Бірақ бұл науқаста коронавирус инфекциясы расталмалды. Сырқаттардан алынған сынамалар Ресей, Қытай және отандық өндірістің тест жүйелерімен зерттеледі. Барлық тест ДДСҰ-нан валидациядан өтті. Осылайша, қазіргі таңда барлығы 967 адам зертханалық тексерістен өтті. Оның ішінде 544 Қытайдан, Жапониядан келді. 423 адам коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды немесе науқастармен байланыста болған. Олардың барлығының анализдерінен коронавирус табылмады", - деді министр.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Үкімет резервінен қажет қаражат бөлінді. Коронавирус инфекциясы анықталған жағдаймен коронавирус таралған елден келген адамды карантинге орналастыру мақсатында медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілген.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.
Ал бүгін коронавирус тағы бес елде анықталғаны белгілі болды. ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің мәліметінше, коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны - 2912, 44 462 адам вирустан айығып, ауруханадан шығарылған. Соңғы деректер бойынша тағы бес елде коронавирус анықталып отыр - Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катар.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также