27 мая 2020 | 11:17

Коронавирус: Біртанов симптомы жоқ науқастар қалай анықталып жатқанын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: tvsamara.ru

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың 70 пайызында ауру симптомы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың 70 пайызында ауру симптомы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, отандық зертханалар тәулігіне 25 мың тест жасай алатын деңгейге жетіпті. Нәтижесінде ауру симптомы жоқ науқастарды анықтауға мүмкіндік туған.

Реклама
Реклама

"Қазақстанда эпидемия басталғалы бері 711 мың тест жүргізілді. Тестілеудің 37 пайызы, яғни 260 мыңнан астам тест профилактикалық мақсатта жүргізілді. Тест науқастардан алынған жоқ. Тестілеу коронавирус инфекциясының ошағын анықтау үшін жүргізілді. Бұл әдіс бізге көптеген симптомы жоқ науқасты анықтауға мүмкіндік берді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, медициналық қызметкерлер күн сайын симптомы жоқ науқастарды шамамен 85 пайыз мүмкіндігімен анықтайды. 

"Бұл - профилактикалық тестілеудің нәтижесі. Эпидемия басталғалы еліміздегі науқастардың 70 пайызында ауру симптомы жоқ.  Әрине, мұны көптеген адамға түсіну қиын. Себебі, олар аурудың белгісін сезбейді, көп сұрақ қояды. Тіпті, кейбір кездері агрессия көрсетеді. Ауруды алғашқы сатысында анықтау өте маңызды", - деді министр.

Елжан Біртанов ғылыми мәліметтер мен дәрігерлердің тәжірибесі негізінде симптомы жоқ науқастарды қырағы бақылауды үйренгенін айтты.

"Біз мұндай науқастарды қырағы бақылау керегін түсіндік. Олардың кейбірінде аурудың симптомы кейін пайда болады. Аурудың ауыр түрі де кездеседі. Сондықтан қазір медициналық мекемелер үйдегі науқастарға телефон арқылы хабарласып, жағдайын бақылап отыр. Егер ондай мүмкіндік болмаса, оларды карантиндік стационарға, кейбір жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызамыз. Яғни диагнозды нақтылап, компьютерлік томография жасау үшін. Бұл бізге аурудың белгісін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеді", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны - 9 304. 4 613 науқас дертінен айықты, 37 адам көз жұмды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная