ПОДЕЛИТЬСЯ
13 марта 2020 | 15:23
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға қатысты деректер шықты
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар іздестіріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар іздестіріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталған. Бірінші жолаушы 9 наурызда келген.
Ал екіншісі 12 наурызда елге оралған. Ол ұшақта 12 жолаушы болыпты. Олар бүгін карантинге жатқызылған.
Коронавирус жұқтырған 2 қазақстандық жалпы 85 адаммен байланыста болған.
"Бір Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал екінші науқас 9 наурызда келген. Ол ұшақта 73 жолаушы болған. Ол азаматтардың тізімі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі мақсатымыз - осы азаматтарды тауып, карантинге жатқызу. Әрі қарай диагностикалық ем шараларын қабылдау қажет", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Мұның алдында Елжан біртанов Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін хабарлаған.
"Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деген еді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также