ПОДЕЛИТЬСЯ
17 июня 2021 | 13:18
Коронавирус жұқтырғандар карантин талабын бұзса, айыппұл қалай салынатыны айтылды
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Ashyq арқылы айыппұл қалай салынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Ashyq арқылы айыппұл қалай салынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бекшиннің айтуынша, Алматыда бір әйелге Ashyq қосымшасының көмегімен айыппұл салынған.
"2021 жылдың 10 маусымынан бері карантин талабын бұзғандарға әкімшілік жаза қолдана аламыз. Қаламызда бір әйелге айыппұл салынған болатын. Ол жазылып, карантин уақыты аяқталған соң біз оны шақырып, 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салдық. Егер ол айыппұлды бір аптаның ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік бар", - деді ол.
Сонымен қатар, Бекшин карантинді бұзғандарға айыппұл қай кезде салынатынын айтты.
"Біз ауырып, изоляцияда жатқан адамды жауапқа тарту үшін шақыра алмаймыз. 14 күн өтіп, науқас жазылған соң шақырып, әкімшілік хаттама толтырамыз. Қалада 636 адамда "қызыл" статус бар, олардың жартысының карантиндік уақыты аяқталған", - деді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға айыппұл салынған болатын. ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны 14 күндік карантин режимін бұзып, кинотеатрлардың біріне барған. QR-кодты сканерлеген кезде қыздың Ashyq қосымшасы "қызыл" мәртебе көрсеткен.
Показать комментарии
Читайте также