ПОДЕЛИТЬСЯ
03 июля 2020 | 11:26
Коронавирус жұқтырғандардың өсімі ай ішінде 4,5 пайыз болды - вице-министр
Соңғы айда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттердің ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары арасында тіркелген. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соңғы айда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттердің ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары арасында тіркелген. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, облыстарда коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2 пайыздан 8 пайызға дейін көтеріліп жатыр.
"Көптеген елде инфекция таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде күн сайын COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп келеді. Тіркелген жағдайлардың орташа өсімі бір айдың ішінде 4,5 пайызды құрады. Облыстарда өсім 2 пайыздан 8 пайызға дейін көтеріліп жатыр. Күніне орташа есеппен 1,5 мың адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды. Қазір ауруханаларда COVID-19 пневмониясымен ауырған 8,5 мың науқас емделіп жатыр.
Соңғы айда COVID-19 инфекциясымен ауырған пациенттердің ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларының тұрғындары арасында тіркелген. Мысалы, жеке адамдар арасындағы инфекцияның ең жоғарғы өсімі Атырау, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында байқалады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ маманның айтуынша, а уру таралуының әрбір облыстың өз ерекшелігі бар.
"Пациенттердің медициналық кезінде қиындық туындау себептері де әртүрлі. Нұр-Сұлтанда азаматтар сырқаттануына байланысты медициналық ұйымдарға өздігінен көп жүгінеді және ол еліміз бойынша өлім жағдайлар санының үштен бір бөлігін құрап отыр", - деді вице-министр.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 44075-ке жетті. 14 777 науқас аурудан жазылды, 188 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также