25 января 2021 | 16:36

Коронавирус: кімдерге вакцина салдыруға болмайды?

Рахила Тлеуова Корреспондент
©REUTERS

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18-ге толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18-ге толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман Алматы емханаларында "Спутник V" вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцина тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады", - деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте.

Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ, келісім берген және 18 жастан асқан азаматтарға ғана салынады.

"Қолдануға қарсы көрсетілімдер: вакцинацияны немесе осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса сезімталдық, анамнезінде ауыр аллергиялық реакциялар бар, жіті инфекциялық және созылмалы инфекциялық емес аурулары, созылмалы ауруларының өршуі, жүктілік және емізулі кезеңде, жасы 18-ге толмаған тұлғаларға вакцинаны салдыруға болмайды.

Вакцинация жасау шарттары:

Емханада қаралып, пациенттің сауалнамасын толтырып, ерікті мәліметтерге келісім беру керек. 

Эпидемиологиялық анамнез кейінгі 14 күн ішінде инфекциялық науқаспен қарым-қатынаста болса, сондай-ақ соңғы 14 күн ішінде ауру симптомдары болса, SARS-COVID2 коронавирусқа ПТР тест жүргізіледі. COVID-19 жұқтырып, ауырған және SARS-COVID2 вирусқа G және M класты иммуноглобалинге оң нәтижесі бар адамдарға вакцина салынбайды. Вакцинация алдында міндетті түрде дәрігерлер қарайды. Медицина қызметкерлері науқасқа вакцинациядан кейінгі мүмкіндік асқынулары туралы ескертіледі және ақпараттық материалдар бар ескертпе береді", - деді маман.

Дәрігердің айтуынша, вакцинациядан кейін науқас 30 минут бойы медицина қызметкерінің бақылауында болады. Келесі үш күн ішінде қысқамерзімді жалпы ұқсас синдром болуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және денеде реакция болуы мүмкін. Егілген дене бөлігі ауырып, ісіну, қызаруы мүмкін.

"Екінші кезең алдында (21 күн өткенде екінші жоза салынар алдында - еск.) дәрігер қайта қарайды. Екінші компонентпен вакцина жасауға қарсы көрсетілімдер бар-жоғын анықтайды. Егер де қарсы көрсетілімдер бар болса, ол вакцинадан кейінгі асқынуға жатады. Иммунизациядан кейін жанама әсерлер болған жағдайда медицина қызметкерлері міндеті түрде науқасқа көмек көрсетуі және дер кезінде стационарға жатқызуға, медицина мекемесінің басшысына дереу мәлімет беруге, жанама әсер пайда болғаннан кейін аймақтық денсаулық сақтау басқармасына және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлауға міндетті", - деді ол.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная