17 июня 2020 | 14:53

Коронавирус: маман кімдерге тест тапсырудың керегі жоғын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын тестілеуге кезек ұзарған. Олардың арасында себепсіз келетін тұрғындар бар. Сол себепті қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордалықтарды себепсіз тест тапсырмауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын тестілеуге кезек ұзарған. Олардың арасында себепсіз келетін тұрғындар бар. Сол себепті қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордалықтарды себепсіз тест тапсырмауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қисықова қалада 8 зертхана жұмыс істесе де, жүктеме көбейгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бұрын қалада 1 зертхана жұмыс істесе, қазір қаламызда бес мыңға дейін зерттеу жүргізетін 8 зертхана бар. 17 маусымға дейін шамамен 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді. Сонымен қатар, біз қазір ПТР тест алып жатырмыз... Зертханалық қызметке өте үлкен жүктеме түседі", - деді ол.

Маман кімге тест тапсырудың керегі жоғын түсіндірді.

"Тест тек аурудың белгілері және жақын байланыста бар адамдарға қажет. Тестілердің жетіспеушілігін және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеуі үшін басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ", - деді Қисықова.

Сонымен қатар, ол зертхананың 20-дан астам қызметкері індет жұқтырғанын атап өтті.

"Олар күні-түні жұмыс істеді. Үнемі вирустың эпицентрінде жұмыс істеді. Отбасында дүрбелең түсірмей, зертханалық жұмысқа ауыртпалық түсірмей, ешқандай себепсіз тестілеудің қажеті жоқ. Тек дәрігерлердің барлық ұсынысын орындауыңыз қажет", - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Нұр-Сұлтанда 2 951 адамнан коронавирус індеті анықталды. Елімізде 15 542 адам COVID-19 жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Tengrinews отмечает 14-летие
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная