ПОДЕЛИТЬСЯ
11 марта 2020 | 13:33
Коронавирус: мемқызметкерлердің жұмыс күні қысқаруы мүмкін бе?
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова коронавирусқа байланысты мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күнін қыстарту мәселесі қаралмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова коронавирусқа байланысты мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күнін қыстарту мәселесі қаралмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан Анар Жайылғановаға журналистер "Коронавирусқа байланысты мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күні қысқаруы мүмкін бе? Қандай да бір шектеу енгізу жоспарда бар ма?" деп сұрақ қойды.
"Коронавирусқа байланысты мемлекеттік қызметтегілерге ешқандай шектеу жоқ. Құдайға шүкір, қазір Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар тіркелген жоқ. Оны кеше ғана Facebook-те денсаулық сақтау министрі айтты", - деді ол.
Сонымен қатар, агенттік төрайымы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің "бір-екі аптада Қазақстанға коронавирус кіруі мүмкін" деген мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді.
"Бұл - болжам. Ол "орындала ма, орындалмай ма?" оны білмейміз. Сондықтан біз ондай шектеулерді дайындап жатқан жоқпыз", - деді Жайылғанова.
Сондай-ақ, ол коронавирусқа байланысты мемлекеттік қызметкерлер шетелдік іс-сапарларға шыға алмай отырғанын атап өтті.
"Әзірше шетелдердегі іс-сапарлардың барлығы тоқтап тұр", - деді агенттік төрайымы журналистерге.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также