09 апреля 2020 16:20

Коронавирус: Молдағасымова науқастардың жағдайы туралы айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: mstrok.ru

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның айтуынша, қалада 121 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Реклама
Реклама

"Ауруды жұқтырған соңғы 2 науқасқа тоқталайын. Екеуі де инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған. Стационарлық карантинде 877 науқас, үйдегі карантинде 5 217 адам жатыр. Инфекциялық ауруханада 211 адам, провизорда 301 адам, карантин госпиталінде 388 адам бар", - деді ол "Алматы" телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Сондай-ақ, департамент басшысы 121 науқас індетті қалай жұқтырғанына тоқталды.

"Олардың 65 пайызы инфекция жұқтырғандармен байланыста болған, 30 пайызы ауруды шетелден әкелген, 5 пайызы жергілікті болып саналады", - деді Айзат Молдағасымова. 

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 764-ке жетті. 55 науқас жазылды, 7 адам қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram