ПОДЕЛИТЬСЯ
28 апреля 2020 | 12:28
Коронавирус: Нұр-Сұлтанда қанша адам тест тапсырған?
Елордада 15 528 тұрғын экспресс-тестілеуден өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордада 15 528 тұрғын экспресс-тестілеуден өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, шаһарда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 599 дерегі тіркелген, 9 пайыз өсім бар.
"332 науқас стационарда жатыр. 214 адам емделіп шықты, үйдегі карантинде 2 576 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен 3 адам қайтыс болды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бахтияр Мәкен 9 сәуірден бастап, коронавирусты анықтау бойынша тестілеу басталғанын жеткізді.
"Қазіргі таңда жалпы 29680 зертханалық жұмыс жүргізілді. 9 сәуірден бастап, 15 528 адам экспресс-тестілеуден өтті. Қазіргі уақытта 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай режимі ұзаратынын мәлімдеді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также