12 июня 2020 12:43

Коронавирус пандемиясы аяқталды деп айтуға болмайды - Қисықова

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Әлихан Сариев

Коронавирус пандемиясы аяқталды деуге болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус пандемиясы аяқталды деуге болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қисықова қала тұрғындарына COVID-19 инфекциясын жаппай жұқтырғандардың көбейгенін айтып, сақтық шараларын сақтауды талап етті.

Реклама
Реклама

"Құрметті қала тұрғындары! Әлі де сақ болуды талап етеміз. Коронавирус пандемиясы бітті және коронавирусқа қатысты қауіп әлсіреп айтылған деуге болмайды. Жұқтырудың басты факторы - адам көп жиналатын жерге барғанда маска тағу ережесін бұзу, әлеуметтік қашықтық сақтамау, жеке гигиенаны ұстанбау. Ол жерде адамдардың жақын байланысы болады. Ол жаппай жұқтыруға әкеп соғады", - деді Қисықова.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 872-ге жетті. Өткен тәулікте 314 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім - 2,3 пайыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram