26 июня 2020 13:21

Коронавирус: шетелде оқитын қазақстандық студенттер оқуын жалғастыра ала ма?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: pixabay.com

ҚР ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов шетелде оқитын қазақстандық студенттер қандай жағдайда оқуын жалғастыра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ол қазақстандық студенттер оқуын жалғастыру үшін оларда шақыру қағазы, сол елге кіруге рұқсат беретін қағаз және паспорт болуы керегін айтты.

Реклама
Реклама

"Шетелдегі жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттерде сол оқу орындарының шақыру қағазы мен елге кіруге рұқсат беретін қағаз болуы қажет. Осы жағдайда шекарадан өтуге рұқсат берілген. Шекарадан өту үшін төлқұжат болуы (паспорт - автор) қажет. Сондай-ақ, ол елдегі эпидемиологиялық жағдай да ескеріледі", - деді полковник орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алатыны туралы хабарланған еді

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram