19 февраля 2021 | 17:38

"Коронавирус тоқтады". Қазнетте тағы бір фейк-видео тарады

Видео кадры

Желіде "коронавирус тоқтады" деген ақпарат айтылған видео тарады. Роликте бұл сөзді Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Бағдат Қожахмет айтады. Бірақ желіде тараған видео былтыр түсірілген және спикердің сөзі сипаттамада бұрмаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде "коронавирус тоқтады" деген ақпарат айтылған видео тарады. Роликте бұл сөзді Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Бағдат Қожахмет айтады. Бірақ желіде тараған видео былтыр түсірілген және спикердің сөзі сипаттамада бұрмаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ жеткен жетістікке қуанып босаңсуға болмайды, әрине, ендігі міндетіміз - індетті жұқтыру мен болып жатқан өлім жағдайларын тоқтату", - дейді видеода Бағдат Қожахмет.

Сондай-ақ, видеода "Сүйінші! Қуанышты жаңалық! Коронавирус ауруы тоқтады" деп жазылған. Ал видеода Бағдат Қожахмет вирусты жаппай жұқтыру тоқтағанын айтады. Бұл сөзді белгісіз біреулер "коронавирус тоқтады" деген жалған ақпаратпен таратқан. 

Реклама
Реклама

Желідегі бұл ақпаратқа сенгендер көп. 

"Айтқаның келсін. Жақсы сөз - жарым ырыс", "Әйтеуір бір жақсы сөз естідік-ау. Әйтпесе күнде бәлен адам ауырды, бәлен адам өмірден өтті деп, халықты қорқытқан хабарламадан әбден жауыр болдық", "Аптаның аяғындағы ең жағымды жаңалық, бұл ауру түбімен жойылса екен!", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Негізі, бұл ескі видео - ол былтыр 10 тамызда ОКҚ-дағы брифингте түсірілген. Сол кезде Бағдат Қожахмет жазда күрделенген эпидемиялогиялық ахуал жақсарғанын айтқан еді. Оның үстіне, Бағдат Қожахмет Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі емес. Ол қызметінен былтыр 29 қазанда кеткен болатын. 

Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 901 адамнан коронавирус анықталған. Жалпы, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 205 825-ке жетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная