18 марта 2020 | 17:20

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар анықталды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: avesta-news.kz

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов әлеуметтік желілерде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов әлеуметтік желілерде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда әлеуметтік желілер және WhatsApp арқылы жалған хабарлама тарату фактілері анықталды. Оның авторлары мен ақпаратты таратқандар жауапкершілікке тартылады. Департамент коронавирус жағдайына байланысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймын", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтанда.

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин режимі күшіне енеді. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная