ПОДЕЛИТЬСЯ
12 марта 2020 | 12:31
Коронавирус: вице-премьер елімізде қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты
Қазақстан үкіметінің басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан үкіметінің басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарында, халықтық қамтасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар, әуежайлар, үйлер күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынады және оларды күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді енгізіледі", - деді Тоғжанов Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты арнайы өткен брифингте.
Осыған дейін коронавирустың алдын алу мақсатында Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында каникул болатыны хабарланған.
Кеше, 11 наурызда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған. 114 елде 126 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. Қаза болғандардың саны 4,6 мыңнан асты. Сонымен қатар, 68 мыңнан астам науқас аурудан толық емделді.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews) 11 Мар 2020 в 10:44 PDT
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также